Жәнібек Әлімханұлы WBA белбеуіне үміткер қарсыластарын мазақ етті

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) Бүкіләлемдік бокс ұйымының «уақытша» чемпионы титулы үшін өтетін кездесуде қарсыласының ауысуына байланысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

WBO ұйымы Хайме Мунгияның (39-0, 31 КО) орнына қазақстандық боксшымен кездесуге WBO Europe белбеуінің иегері Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) шығатынын мәлімдеді. 

Айта кетейік, қазақстандық үшін төртінші рет қарсылас ізделді. Бұған дейін Жәнібекпен WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО), сондай-ақ екі рейтингтік бәсекелес — Эскива Фалькао (29-0, 20 КО) және Хайме Мунгия (39-0, 31 КО) жекпе-жекке үміткер болған.

«Орта салмақтың ең қорқынышты боксшысы екенімді айттым ғой», — деп жазды боксшымыз әлеуметтік желіде.

Еске салайық, осыған дейін Әлімханұлымен кездесуден Мунгиядан бөлек WBO белбеуінің иегері Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) мен Эскива Фалькао (29-0, 20 КО) «қашып» кеткен болатын. 

Семья, школа и общество

ВО ВСЕХ ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА ДО КОНЦА СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА...

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...

Афера с призами

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ СОВРЕМЕННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ И СОЦСЕТЕЙ ЧРЕВАТО ПРОБЛЕМАМИ. ОБ ЭТОМ...

Новый AI-центр

В НОВОМ ЦИФРОВОМ ЦЕНТРЕ, КОТОРЫЙ НАЧАЛ РАБОТУ В ШЫМКЕНТЕ,...

В погоне за легким заработком

АГЕНТСТВО ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СООБЩИЛО О ПРЕСЕЧЕНИИ...