12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ӨЗГЕРІСТІ ӨЗІҢНЕН БАСТА!

FREEDOM HOUSE ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМЫНЫҢ БИЫЛ НАУРЫЗ АЙЫНДА ЖАРИЯЛАНҒАН ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНІҢ САЯСИ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ЕРКІНДІК РЕЙТИНГІ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН 210 ЕЛДІҢ ІШІНДЕ 168-ОРЫНДА ТҰР. ОСЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖАСАП ОТЫРҒАН РЕЙТИНГІНЕ ҚАРАП БІЗДІҢ ЕЛІМІЗДЕ САЯСИ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ЕРКІНДІК ЖОҚ ДЕП БІРЖАҚТЫ ПІКІР ТҮЙІНДЕУГЕ БОЛМАЙДЫ. ӨЙТКЕНІ ЕРКІНДІКТІҢ ӘЛІ КҮНГЕ ДЕЙІН БАРЛЫҚ ЕЛ МОЙЫНДАҒАН ШЕГІ МЕН ӨЛШЕМІ ЖОҚ. ӘРБІР МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨЗІНЕ ТӘН ЕРЕКШЕЛІГІ БАРЫН ЕШКІМ ЖОҚҚА ШЫҒАРМАЙДЫ ЖӘНЕ ОНЫ ӨЗГЕРТУГЕ, БІРІЗДЕНДІРУГЕ ТЫРЫСУШЫЛАРДЫҢ ӘРЕКЕТІ ҚОҒАМ ТАРАПЫНАН ДА ӘРДАЙЫМ ҚАРСЫЛЫҚ ТУДЫРЫП ОТЫР. БҰЛ НЕМІС ПУБЛИЦИСІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ СЫНШЫСЫ ЛЮДВИГ БЕРНЕНІҢ (1786-1837) «БОСТАНДЫҚТЫ СҮЙМЕЙТІН АДАМ ЖОҚ, БІРАҚ ӘДІЛ АДАМ ОНЫ – БАРША ЖҰРТ ҮШІН, ӘДІЛЕТСІЗ АДАМ – ӨЗІ ҮШІН ҒАНА ТАЛАП ЕТЕДІ» ДЕГЕН СӨЗІН ЕРІКСІЗ ЕСКЕ ТҮСІРЕДІ.

Әрбір адамның еркі мен бостандығы тек Конституциядан басталып, халықаралық келісімдер мен өзге де заңнамалық құжаттарда бекітіледі дегенмен, кейде жазылған заңдардан жазылмаған заңдардың күші басым түсіп жатады. Бұл әрбір халықтың атадан балаға мұра болып, жалғасып келе жатқан тілі, ділі, дінімен де байланысты. Оны БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша 18 халықаралық келісімінің әлемнің түкпір-түкпірінде қалай мойындалып, ресми түрде ратификациялануынан да айқын аңғаруға болады. Мәселен, осы уақыта дейін олардың АҚШ бесеуін, Иран мен Корей Халық Демократиялық Республикасы алтауын, Қытай мен Үндістан 8-ін, Өзбекстан мен Жапония 10-ын, Ауғанстан, Беларусь, Ресей,
Тәжікстан 11-ін, Ливия 12-сін, Армения, Қазақстан, Түрікменстан, Ұлыбритания 13-ін, Қырғызстан 14- ін, Әзірбайжан 15-ін, Германия, Түркия, Украина 16-сын, Моңғолия 17-сін, Аргентина мен Боливия 18-ін ратификациялапты. Яғни адамның құқы мен бостандығын сақтауда барлық мәселе заңдарды қабылдау мен халықаралық келісімдерді бекітуге ғана тіреліп тұрған жоқ 2019 жылы ҚР Президенті болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі халыққа арнаған Жолдауында: «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет». Біз бұл мақсатқа әлі де жете қойған жоқпыз. Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Алдағы уақытта бізге мынадай шараларды жүзеге асыру керек. Бірінші, партия құрылысы үдерісін жалғастыру. Екінші, халықпен тиімді кері байланыс орнату. Үшінші, митингтер туралы заңнаманы жетілдіру. Төртінші, қоғамдық келісімді нығайту» деген еді. Биылғы Жолдауында: «біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз. Ендеше, іс-қимыл жоспары қандай болмақ? Бірінші, мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі. Екінші, жаңа жағдайдағы экономикалық даму. Үшінші, теңгерімді аумақтық даму. Төртінші, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – басты басымдық. Бесінші, қолжетімді әрі сапалы білім. Алтыншы, денсаулық сақтау саласын дамыту. Жетінші, экология және биологиялық әркелкілікті қорғау. Сегізінші, әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында. Тоғызыншы, цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі. Оныншы, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы. Он бірінші, ұлттың жаңа болмысы» – деп қоғам алдында дағдарыс жағдайында атқарылатын іс-шаралардың жоспарын баяндады. Сондай-ақ, оның жемісті жүзеге асуы әрқайсысымызға байланысты екенін, баршамыз өз өзімізді дамытуға күш салуымыз керек екенін еске салды. Яғни демократияның басты жауы білімсіздік пен популизм екенін, адамды және қоғамды заман талабына сай жетілдірудің қажеттігін өмірдің өзі көрсетіп отырғанын және бұл істе әрбір адамның азаматтық белсенділігі маңызды екенін ұғындырды. Егер заң әділдігі үстемдік
құрғанын қалайтын болсақ, оның орындалуын Президенттен бастап, барлық атқарушы және заң шығарушы биліктен талап етуге үйренуіміз қажет. Ал өзіміз де өзгергіміз келмей, өзгерісті тек басқадан талап ететін және өз құқығымызды білмейтін болсақ шын мәніндегі бостандық та, демократия да алыста қала беретін болады.
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ
«Заң газеті» 

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...