Зеленский Ресеймен келіссөздердің жаңа раундын өткізуге шақырды

Владимир Зеленский 8 наурызда кешкі жолдаған видеоүндеуінде Украинадағы жағдайды реттеу туралы тағы да келіссөздерге шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Видеоүндеу Зеленскийдің Telegram-арнасында жарияланды.

«Соғысты аяқтау керек. Келіссөз үстеліне отыру керек, бірақ адал және нақты, халықтың мүддесі үшін», — деді Зеленский.

Ресей мен Украина бұған дейін келіссөздердің үш раундын өткізген еді. Екінші раунд барысында тараптар азаматтарды эвакуациялау, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу үшін гуманитарлық дәліздерді бірлесіп қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастыққа қол жеткізді. Алайда гуманитарлық дәліздер толық жұмыс істемеді.

Беларуссияда 7 наурызда кешке Ресей-Украина келіссөздерінің үшінші раунды аяқталды. Ол үш сағатқа созылды.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....