12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы»

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына енгізілген өзгерістер туралы.

 «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 19 сәуірдегі Конституциялық Заңын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 1 маусымдағы № 60-ө өкімін іске асыру мақсатында Әділет министрінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 479 бұйрығымен «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бекітілді.

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20771 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік  тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

19, 20 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету құжаттар келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері тізілімге сәйкес құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және заңды тұлғаларды тіркеу басқармасына (бөліміне) жолдайды.

Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімінің) басшысы 20 минут ішінде орындаушыны айқындайды және оған орындауға береді.

Орындаушы: ұсынылған құжаттардың дұрыс толтырылуын (ресімдеуін) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексереді және бас тарту (үзіліс туралы) үшін негіздер болмаған жағдайда заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы бұйрықты ресімдейді, Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне (бұдан әрі – Ұлттық тізілім) мәліметтерді енгізеді, бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтаманы ресімдейді, іс ресімделгеннен кейін (БСН берілгенін растайтын тиісті мөртабандар қойылғаннан кейін) құрылтай және басқа құжаттардың бір-бір данасынан тұратын істі ресімдейді.

Орындаушы қарағаннан кейін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама немесе бас тарту (үзіліс туралы) туралы дәлелді бұйрық басшылыққа қол қоюға жіберіледі. Басшылық қол қойған құжаттарды орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕАҚ филиалына  (бұдан әрі — Мемлекеттік корпорация) береді не портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

20. Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес құжаттар Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды, тексереді және қабылданған құжаттар Заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы мемлекеттік корпорацияның тиісті бөлімшесіне жіберіледі.

Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімінің) басшысы 20 минут ішінде орындаушыны анықтайды және оған орындауға береді.

Орындаушы: ұсынылған құжаттардың дұрыс толтырылуын (ресімдеуін) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексереді және бас тарту (үзіліс туралы) үшін негіздер болмаған жағдайда заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы бұйрықты ресімдейді, Ұлттық тізілімге мәліметтерді енгізеді; бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтаманы ресімдейді, іс ресімделгеннен кейін (БСН берілгенін растайтын тиісті мөртабандар қойылғаннан кейін) құрылтай және басқа құжаттардың бір-бір данасынан тұратын істі ресімдейді.

Орындаушы қарағаннан кейін бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама немесе бас тарту (үзіліс туралы)  туралы дәлелді бұйрық басшылыққа қол қоюға жіберіледі. Басшылық қол қойған құжаттарды орындаушы Мемлекеттік корпорацияның беру бөліміне береді.

23. Құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажет болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша мемлекеттік (есептік) тіркеу мерзімі анықталған кемшіліктер жойылғанға немесе тиісті қорытынды (сараптама) алынғанға дейін үзіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін үзілуіне негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін бір айдан аспайтын мерзімге үзеді және құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

Мемлекеттік тіркеуге үзіліс жасау туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік тіркеуге құжаттарды қабылдаған сәттен бастап құжатты берген сәтке дейін, бірақ қызмет көрсету мерзімінің өтуінен кешіктірмей қабылдайды.

Үзіліс туралы бұйрықта көрсетілген ескертулер жойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге қайта жолдайды.

Егер бір ай ішінде тіркеуге үзіліс жасауға негіз болған мән-жайлар мемлекеттік қызметті алушы жоймаса, онда үзіліс мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы  дәлелді бұйрық шығарылады.

Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу

және тіркеу қызметі саласындағы бақылау

бөлімінің басшысы А. Пирметов

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...