Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке деген сенімді әлсірететін қауіпті әлеуметтік құбылыс. Ол әділеттілік қағидаларын бұзып, заң үстемдігіне нұқсан келтіреді. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Заңдылықты сақтау, ашықтық пен адалдықты қамтамасыз ету – бұл бағыттағы негізгі мақсаттар. Мемлекеттік органдарда профилактикалық шаралар жүргізіліп, халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда жастардың рөлі зор. Өйткені адалдық, әділдік және жауапкершілік сияқты құндылықтар жас кезден қалыптасады. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, жемқорлыққа жол бермеуі тиіс.

Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ ісі. Адал қоғам құру үшін әрқайсымыз өз ісімізге жауапкершілікпен қарауымыз қажет.


Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының аға сот приставы С.Байдыбеков

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...