12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Зайырлы қоғамдағы әйел рөлі

Ағымдағы жылдың қазан айының 14нде Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті #79 мекемесінде Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен “Зайырлы қоғамдағы әйел рөлі және әйелдің әлеуметтік рөлі” тақырыбында жалпы кездесу өткізілді. Шараға Маңғыстау облысы Дін істер басқармасы “Діни бірлестіктермен байланыс және діни экстремизмге қарсы насихат жұмыстарын ұйымдастыру” бөлімінің басшысы Б.Шопанова және “Шапағат деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы” қоғамдық қорының теолог маманы Н.Данаева арнайы шақыртылды. Мамандар өз сөзінде, “Ақылды қыз білімге жүгірер, Ақылсыз қыз сөзге ілігер” демекші, қазіргі таңда жат ағымдарға еріп кетіп, лаңкестік топ арбаушыларының қармағына ілініп жатқан қыз балалар аз еместігін атап өтті. Мұндай жағдайларға, ең алдымен дінді дұрыс білмейтін, яғни діни сауатсыздығы төмен, сонымен қатар отбасында махаббат пен мейірім, тәрбие көрмеген, мақсатсыз адамдар шалдығатынын түсіндірді. Қазақстан қоғамында әйелдер рөлінің маңыздылығы, сондай-ақ жастар арасында рухани құндылықтарды арттыру керектігі айтылды.

Рақымшылық Заңының маңызы зор!

Қазақстанда кезекті рақымшылық заңы қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігін алғаннан...

Кәсіподақтар Президент реформаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

Жұма күні, 11 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының...

ЭТИКА В МАНТИИ: КАК СУДЬИ КАЗАХСТАНА ХРАНЯТ ДОВЕРИЕ ОБЩЕСТВА

Судебная система — это не только законы и процедуры,...