Мемлекеттік қызмет саласындағы маңызды міндеттердің бірі — мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар қызметінің айқындығы мен тиімділігін арттырады.
Осы бағыт бойынша, мемлекеттік органдарда заңнама талаптарын сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану, азаматтардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау мәселелері бойынша тұрақты түрде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады.
Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ, өтініштерді қарау барысында заңдылық пен әділдік қағидаттарын сақтау мәселелері түсіндіріледі.
Заңнама талаптарына түсіндірме жұмыстары мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң бұзушылықтардың алдын алуға және заң талаптарын дұрыс әрі бірдей нұсқада қолдануға бағытталған.
Заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау — азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтудың және мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттырудың маңызды кепілі. Ал түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу және заңнама талаптарын күнделікті қызметте назарда ұстау ерекше маңызға ие екенін атап айтамыз.
Сонымен қатар, заңнама талаптарының сақталуы тек заң бұзушылық орын алған жағдайда жауапқа тартумен шектелмейді. Оның негізгі бағыттарының бірі — құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын түсіндіру және әрбір азамат пен мемлекеттік қызметшінің құқықтық жауапкершілігін арттыру. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар заңдылықты нығайтуға және мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға негіз болады.
Жайырова Динара
Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының жетекші маманы


