12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Заңға құрмет – баршаға міндет

Республикамыздың межелеген мақсаттарының бастысы құқықтық мемлекет құру. Бұл тұрғыда халықтың  құқықтық білімі мен мәдениеті, адалдығы, отансүйгіштігі маңызды орын алады. Осы себепті, заңдар мен заңнамалар, т.б. үздіксіз жетілдірілуде.  Айтып өтерлігі, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, бостандықтарын қорғауына елімізде заңдық жағынан барлық жағдай жасалған.

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғауға басымдық беріліп, мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі мен денсаулығы екені Конституцияның 1-бабымен бекітілді. Сонымен қатар, Конституцияның 3-бабында мемлекеттік биліктің – бірден-бір бастауы халық екені айқын жазылды. Елімізде Конституциялық Сот, дербес Кассациялық соттар жұмыс істейді.  Мысалы, азаматтар өздерінің құқықтары немесе бостандықтарын қорғау жолында Конституциялық Сотқа тікелей шағымдана алады. Бұл халық үшін зор мүмкіндік. 

Конституция талаптарын жүзеге асыру мақсатында жасалып жатқан реформалар нәтижесіз емес. Мәселен, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы Қазақстан азаматтарының саяси шешімдер қабылдау процесіне кеңінен қатысуына жол ашты, сондай-ақ, саяси басқарудың теңгерімді жүйесі, есеп беретін Үкімет пен ашықтық қағидаттары, т.б. игі істер қоғамымызда заң мен тәртіпті орнықтыруда айрықша маңызға ие. Айтып отырған өзгерістер еліміздің басты ұстанымы – Әділетті Қазақстан құру, Заң мен тәртіп қағидатын жүзеге асыру жолындағы нақты қадамдардың бастысы ретінде бағаланады.

Азаматтардың өз құқықтарын қорғауда соттарға жүгінуі өркениетті қоғамға тән құбылыс. Бүгінгі таңда сот процестері барынша ашық әрі халыққа қолжетімді. Барлық адам тікелей немесе заманауи технологияларды пайдаланып сотқа шағым түсіре алады. Азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін, бостандықтарын сот арқылы қорғауына кедергі жоқ. 

Мемлекет  басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мен адам құқықтарын қорғау бағытына ерекше назар аударамын, өйткені, оның жай-күйі, сайып келгенде, біздің қоғамның даму деңгейіне әсер етеді» деді. Яғни, бұл реттегі ең басты талап —  бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып отыр. Конституциямен бекітілген құқықтардың қорғалуы елдің өркениеттілік деңгейін айқындайтын басты өлшем болмақ.

Халқының құқықтары мен бостандықтарының әділ қорғалуын ең бірінші орынға қоятын елдің бүгіні мен болашағы әрқашан да жарқын. «Заңға құрмет – әрбір азаматқа ортақ міндет» демекші, заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету Әділетті Қазақстанды құрудың басты шарты саналады. Сондықтан, азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне тиесілі құқықтарды жүзеге асыруда заң талаптарын, адамгершілік қағидаларын мүлтіксіз сақтап, елімізде заңның салатанат құруына атсалысса нұр үстіне нұр.  

Әсел Қанапьянова,

Алматы қаласы Алмалы ауданының

№2 аудандық сотының судьясы

Экологиялық қылмыстар жазасы қатаң 

Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар Қылмыстық кодекстің 13-тарауымен бекітілген. Осы...

Правительство намерено пересмотреть подушевое финансирование в сферах образования и здравоохранения

Правительство Казахстана начало системный пересмотр механизмов государственно-частного партнёрства в...

Аида Балаева: Білім мен медицинадағы қаржыландыру жүйесі әділ әрі ашық болуға тиіс

Мемлекет басшысы таяуда «Түркістан» газетіне берген сұхбатында білім беру...

Уловки преступников 

ТЕЛЕФОННЫЙ ЗВОНОК ИЛИ СООБЩЕНИЕ, ПОСТУПАЮЩЕЕ ОТ ИМЕНИ «СЛУЖБЫ БЕЗОПАСНОСТИ...

Социальные науки и устойчивое будущее

НА ФАКУЛЬТЕТЕ ФИЛОСОФИИ И ПОЛИТОЛОГИИ КАЗНУ ИМ. АЛЬ-ФАРАБИ ПРОШЛА...