Ғалымдар жаңа Конституцияға қолдау білдірді

Бүгінгі заман – білім мен ғылымның ғасыры. Осыған орай жаңа Конституция жобасына еліміздегі аталған саланың өркендеуіне қатысты маңызды нормалардың енгізілуі – уақыт талабы. Бұл туралы өз сөздерінде белгілі ғалымдар мен сала еңбеккерлері айтып берді.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты «Философия, саясаттану және дінтану институты» ЖШҚ РМК бас директорының орынбасары Ермек Тоқтаровтың айтуынша, жаңа Ата заңның қабылдануы ғылым үшін маңызды жаңалық болмақ. Ол ғылымның құндылық ретінде Негізгі заң преамбуласында, сондай-ақ стратегиялық басым бағыт ретінде үшінші бапта аталғанына тоқталды.

«Біздің қоғам үшін ғылымның дамуы аса өзекті мәселе. Жаңа Конституция осы салаға бірқатар өзгеріс алып келмек. Мәселен, алдағы 2028 жылдан бастап ғылымды қаржыландыру жүйесі өзгереді. Жергілікті атқарушы органдарға ғылыми зерттеулер жүргізу үшін тапсырыс беруге мүмкіндік қолжетімді болады. Бұл ғалымдарымыздың жұмыс істеуіне үлкен мүмкіндіктер туғызбақ», деп атап өтті ол.

Аталған институттың бас ғылыми қызметкері Асқар Шоманов биылғы жыл басталғалы еліміз үшін маңызды саяси оқиғалар орын алып жатқанын, соның ішінде ең өзектісі жаңа Конституция жобасын қабылдау жөніндегі республикалық референдум екенін атап өтті.

«Ата заңымыздың жаңаруы тек мәтінінің өзгеруі ғана емес. Бұл бастамалар елімізде соңғы 5-6 жылда жүргізіліп жатқан реформалармен астасып жатыр. Жаңа Конституция біздің болашақ даму траекториямызды айқындауымен құнды. Жобаға елдің саяси өмірін ғана емес, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған ережелер де енгізілген. Сондай-ақ қарапайым тұрғындардың да жеке өмірлеріне қатысты мәселелерді қозғайды. Сондықтан біз тарихи маңызы зор бетбұрысқа куә болып отырмыз», деді ол. 

Ғалым, сондай-ақ, бүгінгі конституциялық реформаларды 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда жаңа Ата заңымыздың қабылдануымен салыстыруға болатынын айтты. 

«Қазіргі қолданыстағы Конституция сол уақытта біздің алдағы ондаған жылға арналған стратегиялық даму жолымызды айқындаған болатын. 15 наурызда республикалық референдумда жаңа Ата заңымыз қабылданар болса, ол да біздің мемлекеттің және қоғамның алдағы жылдарға арналған даму бағытын айқындап беретіні сөзсіз. Мен біздің халымыз жаңа жобаны қолдайды деп үміттенемін», деп сөзін түйіндеді ол. 

«М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты» ЖШҚ РМК ғылыми қызметкері Ақбота Рабатқызы өз сөзінде ғылым – елдің технологиялық дамуы мен бәсекеге қабілеттілігінің негізі екенін жеткізді.

«Жаңа Конституция жобасында білім мен ғылымның дамуына қатысты маңызды нормалар бар. Мен жас ізденуші ғалым ретінде бұл бастамалардың мәнін түсінемін. Сондықтан 15 наурызда дұрыс шешім қабылдайтын боламын», деді ол.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...

ПРЕСТУПЛЕНИЕ: ОТ СООБЩЕНИЙ К ПОХОРОНАМ

ДОЛГОЕ ВРЕМЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ ОТСУТСТВОВАЛО САМО ПОНЯТИЕ СТАЛКИНГА КАК САМОСТОЯТЕЛЬНОГО ПРОТИВОПРАВНОГО ДЕЯНИЯ. НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО ЖЕРТВЫ НЕРЕДКО СООБЩАЛИ О НАВЯЗЧИВЫХ ЗВОНКАХ, ПОСТОЯННОЙ СЛЕЖКЕ, УГРОЗАХ И ПРЕСЛЕДОВАНИИ, ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫЕ ОРГАНЫ БЫЛИ...