ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУДЫҢ РУХАНИ БЕЛЕСІ

Наурыз – адамзат өркениетінің терең тамырынан нәр алған, табиғат пен тіршіліктің үндестігін айшықтайтын ұлық мереке. Күн мен түн теңесіп, жер бусанып, тіршілік қайта түлейтін осы сәт – халқымыз үшін тек маусымдық өзгеріс емес, рухани жаңғырудың, татулық пен берекенің бастауы.

Ұлыстың ұлы күні – ел бірлігін бекемдейтін, ағайын арасын жақындататын, өткенге тағзым етіп, келешекке үмітпен қарауға үндейтін айрықша күн. Қазақ халқы Наурызды ырыс пен ынтымақтың, тазалық пен ізгіліктің мерекесі деп таныған. «Самарқанның көк тасы еріген» деп сипатталатын бұл күн – адамдардың жүрегі жібіп, өкпе-реніш ұмытылып, ақ тілек пен адал ниет үстем болатын уақыт.

Наурыз – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, салт-дәстүрімізді жаңғыртатын мереке. Дастарқанға қойылатын наурыз көже – тоқшылық пен молшылықтың нышаны. Жеті дәмнің қосылуы – бірлік пен тұтастықтың белгісі. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, қайырымдылық жасау – осы мейрамның басты мазмұнын құрайды.

Бүгінгі таңда Наурыз мейрамы қоғамдағы келісім мен тұрақтылықтың, өзара түсіністік пен сыйластықтың символына айналды. Бұл күн – әр азаматты ізгілікке, әділдікке, адалдыққа шақыратын ерекше рухани белес. Қоғамның дамуы да, мемлекетіміздің нығаюы да бірлік пен татулыққа негізделетіні анық.

Наурыз – өткеннен тағылым алып, болашаққа сеніммен қадам басатын кезең. Әрбір отбасыға амандық, шаңыраққа шаттық, елге тыныштық тілей отырып, Ұлыстың ұлы күні баршаңызға құт-береке әкелсін!

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы
Тілеп Талант Ибайдуллаұлы

Мемлекеттік тіл – мемлекеттіліктің басты белгісі

Мемлекеттік тіл – кез келген тәуелсіз мемлекеттің негізгі нышандарының...

Дербісектегі даудың дабыры Алматыға жетті

Түркістан облысының Сарыағаш ауданы Дербісек ауылындағы ұңғымаға қатысты дау...

Абай облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлерінің үш буыны Қазақстанның мемлекеттік рәміздері аясында бас қосты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Абай облысы бойынша...

Три поколения сотрудников УИС по области Абай объединились под государственными символами Казахстана

В преддверии Дня государственных символов Республики Казахстан в учреждении...