Қызылордада атыс болды: үш адам қаза тауып, екеуі жараланған

Қызылордада атыстан үш адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға 7 мамырда кешке болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, атыс қала маңындағы Титов ауылында азық-түлік дүкені алдында болған. Үш адам оқ тиіп қаза болған: ең кішісі — 26 жаста, үлкені — 29-да.

Облыстық жедел жәрдем станциясы мәліметінше, оқиға орнында дәрігерлерден құралған үш бригада көмек көрсеткен.

«Жедел жәрдем келгенге дейін үш адам қаза болды. Сонымен қатар, 47 жастағы ер адам мен 23 жастағы жігіт аяғынан жараланған. Зардап шеккендер қалалық ауруханаға жеткізілді», — деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, атыс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

«Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», — деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...