Қызылорда станциясындағы Желілік полиция бөлімінде Ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасында суицидтың алдын алу бойынша семинар-сабақ өткізілді

2022 жылдың 4-ші қараша күні Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің акт залында Қызылорда қаласы М.Сужиков атындағы орта мектептің психолог мамандары жеке құрамға «Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің өзіне өзі қол жұмсаудың алдын алу бойынша психологиялық кеңес беру» тақырыбында слайд шоулар арқылы семинар сабақ  өткізді.

Ең алдымен жеке құрамға психолог мамандар «суицид» және «суицидология» сөздерінің мағынасын түсіндіріп өтті. Адамның өз-өзіне қол жұмсау негізгі үш топқа бөлінетінін және сол түрлерін толық тоқтап өтті. Өзіне өзі қол жұмсауға итермелейтін негізгі психикалық бағдарлар және суицидты тудыратын негізгі факторлар жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Өзіне өзі қол салуға не итермелейтін себептері мен ересек адамдардың өзіне-өзі қол жұмсауының себеп терінің түрлеріне толық тоқтап өтті. Сондай-ақ, өзіне өзі қол салу ойларын жеңу жолдарымен бөлісті.

Сөз соңында жеке құраммен психикалық ауыр жағдайдан шығу бойынша тренинг өткізді. Өз кезегінде Қызылорда ст. ЖПб-нің басшылығы мен жеке құрамы өткізілген семинар сабақтан жақсы әсер алып, психолог мамандарға алғысын айтты.

ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДАҒЫ ОТЫЗ ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығына орай Сот жүйесі –...

Честность, профессионализм и ответственность – основа государственной службы

В Ауэзовском районе Алматы состоялась встреча с государственными служащими,...

Адалдық, кәсібилік және жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі

Алматы қаласының Әуезов ауданында мемлекеттік қызмет, қызметтік әдеп және...

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан, ұлттық...

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...