12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызыл су қыр астында

Көктем келісімен еліміздің барлық өңірінде еріген қар мен жаңбыр суы жұртты әбігерге сала бастайды. Мемлекет басшысынан бастап Үкімет жетекшісіне дейін су тасқынына дайындық мәселесін жылда пысықтап жатқанымен, апаттық жағдай азаймауда.

Қызыл судан зардап шеккен жұртты құтқаруға жыл сайын мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржының көлемі де аз емес. Айтып келмейтін апаттың бірі деп өзімізді қанша жұбатуға тырысқанымызбен, оның жылда белгілі бір уақытта қайталанатынын білсек те қажетті деңгейде оған қам жасай алмай жүргенімізге қарап кейде Үкіметіміз осы қарғын суды қаржы игерудің бір көзіне айналдырып алған жоқ па деп ойлайсың. Мәселен, өткен сейсенбі күнгі Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі су тасқыны кезеңіне дайындықты баяндады.
Серікқали Брекешевтің айтуынша, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақ­стан, Ақмола, Қарағанды және Қос­танай облыстарында су тасқыны қаупі жоғары, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыс­тары – қаупі орташа өңірлер болып отыр. Сонымен қатар, судың деңгейі жоғары қаупі бар өңірлер де анықталған. Олар: Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе және Атырау облыстары. Мәселен, Қырғызгидрометтің болжамы бойынша 2022 жылдың вегетациялық кезеңіне өзендердің сулылығы орташа көп жылдық мәндердің нормасынан төмен болады деп күтілуде. Ол Талас өзені бойынша – 30%, Шу өзені бойынша – 24% болмақ. Өзге деректер бойынша Сырдария өзені бассейндерінің сулылығы да нормадан 20-35%-ға төмен болады деп болжануда.
– «Қазгидромет» су тасқыны кезеңі бойынша негізгі болжамды наурыз айының басында ұсынады. Гидрометео жағдайдың күрт өзгеруі болған сәттерде, су тасқыны қаупінің туындауы туралы алдын ала 2-3 тәулік бұрын хабардар етеміз. Гидротехникалық құрылыстардың тасқын суларды өткізуге дайындығы бойынша министрлік жанында Су тасқынын алдын алу комиссиялары құрылды. Тәулік бойы кезекшілік пен су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізілуде, – деген Серікқали Аманғалиұлының сөзіне қарағанда төтенше жағдайға «Қазсушар» РМК аумақтық филиалдары бойынша 366 бірлік автокөлік және арнайы техника, 3 мың тонна ЖЖМ, 50 мың тоннадан астам инертті материалдар, 35 мыңнан астам қаптар дайындалды. Бүгінгі таңда ірі су қоймаларының орташа толуы 60-75% пайызды құрайды. Бұл ағымдағы кезең үшін қалыпты болып табылады.
Жалпы, республика аумағында 1823 гидротехникалық тірек құрылыстары бар. Оның 396-сы коммуналдық, 78-і рес­публикалық, 44-і жекеменшік, ал 9-ы иесіз.
«Гидротехникалық құрылыстардың барлық меншік иелеріне тасқын суларды қауіпсіз өткізу және қажетті инертті материалдар мен техниканы дайындау үшін тиісті іс-шараларды жүргізу туралы ұсынымдар жіберілді. Су басу қаупін жою мақсатында министрлік 41 апаттық су қоймасы мен гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңғыртуды жүргізуде. Соңғы 5 жылда 16 нысан қалпына келтірілді. Қайта жаңғыртылғандардың ішінде су жинақтау көлемі 42 млн текше метр болатын Алматы облысындағы Қызыл­ағаш су қоймасы да бар. Биыл 6 су қоймасын қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз. Қалған 19-ы 2025 жылдың соңына дейін қалпына келтіріледі», – деді С.Брекешев. Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің айтуынша, соңғы жылдардағы талдау су тасқыны табиғи жағдайларға ғана емес, сондай-ақ, антропогендік процестердің салдары болып табылатынын да көрсетті. Мәселен, жыл сайын су тасқыны кезеңінде Ақмола облысының Аршалы және Целиноград аудандарындағы Есіл және Нұра өзендерінің арнасымен Астана су қоймасынан жіберу кезінде, арнаның өткізу қабілетінің болмауына байланысты іргелес аумақты су басу қаупі туындайды. Бұл жағдай Қарағанды (Нұра өзені), Солтүстік Қазақстан (Сілеті, Есіл өзендері) және Қостанай облыстары (Тобыл өзені) аумағында да орын алуда. Осыған байланысты әкімдіктерге: өткізу қабілетін арттыру мақсатында проблемалық учаскелердегі өзен арналарын тазартуды ұйымдастыру; коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне назар аудару; коммуналдық меншіктегі су қоймаларын тасқын суларды қабылдауға дайындау қажет.
Алайда мұның бәрі қалыпты жұмыс процесі және ол жергілікті әкімдіктердің жоғарыдан нұсқау күтпей-ақ жасайтын шаруасы екенін олардың есіне салатын ешкім болмай тұр. Табиғаттың өзі беріп отырған қар мен жаңбыр суын жинақтайтын су қоймаларын көбейту, оларды тиімді пайдалану жайын талқылап, одан қорытынды шығару әзірге Үкімет үшін өзектілігін жоғалтпай отыр. Министрдің өзі айтқандай, биыл Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының тауларындағы қар қорының деңгейі көпжылдық орташа мәннен төмен. Жалпы, ел аумағында қалыптасатын шығыс және оңтүстік өңірлердегі тау өзендерінің бассейндерінде су тасқыны жауын-шашын көп түскен жағдайда қауіп төндіретінін еске түсіретін болсақ, қыр астындағы қызыл суды апаттық жағдай тудырмай, ел игілігіне пайдалануда ғылым мен өндірістің әлеуетін біріктірмей, мәселе ешқашан шешілмейді.

Болатхан МАХАТОВ,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Моңғолия ҰҒА және ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымы академиясының академигі:

– Қазақстан су тапшылығын сезінетін елдердің қатарына жатады. Өзендердің көбі сырттан келетін болған соң, су мәселесі бойынша көршілерімізге тәуелдіміз. Егер қар мен жаңбыр суын тиімді пайдаланатын болсақ, бұл мәселені біршама шешуге мүмкіндігіміз бар.
Жалпы, әрбір іс ғылыми түрде негізделіп жасалуы керек. Бірақ бізде бұл бағытта әлі күнге ғылыми-зерттеу институттарының әлеуеті толық пайдаланылмай келе жатыр. Ғылыми тұрғыдан бәрін қарастырып, соның жөнімен, жүйесімен жүретін болсақ тасқын суды да ел игілігіне жаратуға болады. Сондықтан, ештен кеш жақсы дегендей мемлекет гранттық байқау жариялап, Білім және ғылым; Ауыл шаруашылығы; Экология, геология және табиғи ресурстар мен өзге де министрліктерге қарасты ғылыми-зерттеу институттарының басын біріктіріп, ортақ бағдарлама жасайтын уақыт келді деп ойлаймын. Мысалы, Алматы қаласы мен оның төңірегіндегі елді мекендерде әрдайым еріген қар мен жаңбыр суы ысырап болып жатады. Оны зерттеп, мемлекеттік тұрғыдан күні бүгінге дейін тиянақты түрде бағдарлама жасап қарастырған ешкім жоқ
.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

Насыщенный старт года 

Начало 2025 года ознаменовалось для Президента Республики Казахстан плотным графиком встреч и рабочих поездок, каждая из которых стала ярким подтверждением его курса на модернизацию страны и укрепление ее позиций на мировой арене. Все события недели, от интервью до осмотра современных спортивных комплексов и заводов, демонстрируют многогранность задач, стоящих перед нашей страной в наступившем году.

Қазақстанның қай қалаларында тұрғын үй бағасы қымбаттады?

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы желтоқсан айында Қазақстандағы тұрғын үй нарығындағы бағалар мен бағамдар туралы деректерді жариялады.

Садақа мен қайырымдылыққа ақша жинайтындар қалай тексеріледі?

Кірістер комитеті мобильді аударымдар арқылы садақа мен қайырымдылық шараларына жиналған қаржының қалай бақылауға алынатынын айтты.

Алапат өрт, төтенше жағдай: Лос-Анджелесте не болып жатыр?

Калифорния штатының Лос-Анджелес қаласы маңында орман өрті өршіп жатыр. Өрт салдарынан қаза тапқандар бар.

Қазақстандықтар заңсыз схемаларға “тартылып“ жатыр — ҚМА

Қаржы мониторингі агенттігі 2024 жылы дроперлер арқылы ақшаны жылыстату деректерін анықтау нәтижелерін хабарлады.