Садақа мен қайырымдылыққа ақша жинайтындар қалай тексеріледі?

Кірістер комитеті мобильді аударымдар арқылы садақа мен қайырымдылық шараларына жиналған қаржының қалай бақылауға алынатынын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлының айтуынша, қайырымдылық ол —  кәсіпкерге түсетін қаржы емес. 

«Мобильді аударымдар арқылы садақа, қайырымдылық және ем-шараларына қаражат жинап жатады. Бұл — кәсіпкерлік мақсатта жиналып жатқан қаражат емес. Сәйкесінше, ол салықтандыруға жатпайды, тек кәсіпкерлік мақсаттағы аударымдар жатады. Емге жинап жатса, оны құжаттар арқылы растай алуы керек. Оларға хабарлама жолданса, ол тұлғалар құжат бойынша әрекеттерін растауы тиіс. Олардан жеке табыс салығы алынбайды. Хабарлама салық төлеушінің кабинетіне барады. Ол жерде түсінік беру деген батырма бар. Сол жерге құжаттарын жолдайды», — деді Ерсайын Көптілеуұлы.


Осы жылдың қаңтарынан бастап елімізде мобильді аударымдарды бақылау жолға қойылды. Егер үш айда 100 тұлғадан 255 мың теңге қаражат мобильді аударым арқылы шотыңызға түссе, кәсіпкерлік бойынша салық төлемегеніңіз үшін салық комитеті есеп сұрайды. 

2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер өседі 

Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлемдер 8,5%-ға өседі.

Алматы тауларында жоғалған Корея азаматы әлі табылмай жатыр

Алматы тауларында 28 қыркүйекте жоғалып кеткен Корея Республикасының 73 жастағы азаматы әлі іздестіріліп жатыр.

Пәтер, ипотека және бизнес: Неке шартын жасасу кезінде нені ескеру керек? 

Неке шарты – бұл жұбайларға мүлік, отбасылық шығындар және қаржылық міндеттемелер туралы алдын ала келісіп алуға көмектесетін маңызды құжат.

Реализация МЭКС: Канат Бозумбаев поручил привлечь больше банков к финансированию модернизации коммунальных сетей

В Алматы под председательством заместителя Премьер-министра Каната Бозумбаева состоялось...