Қазақстандықтар заңсыз схемаларға “тартылып“ жатыр — ҚМА

Қаржы мониторингі агенттігі 2024 жылы дроперлер арқылы ақшаны жылыстату деректерін анықтау нәтижелерін хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұндай карталардың иелерінің 90 пайыздан астамы резидент емес тұлғалар болған. Олар туралы ақпарат шетелдік мемлекеттердің құқық қорғау органдарына берілген.

«Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық кірістерді заңдастыру мақсатында 6,2 мың «дроп-карталардың» пайдаланылғанын анықтады. Бұл карталар арқылы айналымның жалпы сомасы 24 миллиард теңгеге жетті», — делінген хабарламада.

Интернет-банкингке қашықтан қолжеткізу мақсатында кәсіби жылыстаушылар үшінші тұлғаларға тіркелген байланыс операторларының SIM карталарын пайдаланған.

«Көбінесе «дроп-карталар» есірткі саудасы, кибералаяқтық, заңсыз құмар ойындар және басқа да қылмыстық әрекеттерге байланысты схемаларда қолданылған».

Іс жүзінде «дроптар» деп аталатындар халықтың осал топтарына жататын адамдар болды (жұмыссыздар, студенттер, зейнеткерлер және басқалар), олар қылмыстық схемалардағы рөлдерінің барлық салдарын түсінбейді. Мұндай жағдайларда барлық байланыстарды тоқтатып, құқық қорғау органдарына хабарлауыңыз қажет.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...