Қыркүйектен бастап бастап блогерлер арнайы келісімшартсыз азаматтарды қайырымдылық жасауға шақыра алмайды

Бесінші қыркүйектен бастап бастап Қазақстанда блогерлер арнайы келісімшартсыз азаматтарды қайырымдылық жасауға шақыра алмайды. Мұнда норма волонтерлік қызмет пен қайырымдылық жайлы заң жобасындағы өзгерістерге енгізілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мәжіліс депутаты Вера Ким бұған дейін елде жұлдыздар мен блогерлердің қайырымдылық әрекеттері норма бойынша реттелмегенін айтып өтті. 

«Жұлдыздар мен блогерлер қаржы жинау үшін келісімшарт жасауы керек. Егер олар қандай да бір қайырымдылық қорымен жұмыс істесе, тиісті ұйыммен, егер көмекке мұқтаж азамат үшін қаржы жинаса, сол азаматпен келісім жасайды», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрі азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет блогерлер мен жұлдыздар келісімшартты бұзса, олардың әрекеті «Алаяқтық» және «Ұрлау» бабы бойынша қарастырылатынын айтты. 

«Блогерлер сөз жүзінде өз қызметі үшін қаржының 10%-ын ұстап қалатынын айтып, ал көмекке мұқтаж жандар мұны естімей қалған кездер болған. Салдарынан екі тарап арасында дау болады. Қазір біз көмекке мұқтаж және ақша жинайтын азамат арасындағы әрекетті заңдастырдық, себебі салық қызметі мен құқық қорғау органдары арасында сұрақ туындамауы керек», – деп түсіндірді Мадияр Қожахмет. 

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...