12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы қызмет көрсету тәртібі оңайлатылды

Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 3-бабына сәйкес, жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуы, сондай-ақ заңдық талаптар құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады.

Жылжымайтын мүлікті сатып алу, әрине, әр отбасында маңызды оқиға. Пәтердің, үйдің, жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлік объектісінің меншік құқығы мемлекеттің міндетті растауын талап етеді және құқықтық кадастрда міндетті түрде мемлекеттік тіркелуге жатады.

Бұл ретте меншік иелерінің құқықтарын қорғауды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекет пен азаматтардың өзара қарым-қатынастарын цифрлау, өтініш берушілердің жеке қатысуын және қағазбастылықты болдырмай, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматқа көшіру негізгі міндет болып табылады.

Өздеріңіз білетіндей, азаматтар жылжымайтын мүлікпен мәмілені қарапайым жазбаша немесе нотариалдық нысанда жасауға құқылы.

Мәміленің жай жазбаша нысанын жасасқан жағдайда тіркеуші орган «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 21-бабының тәртібімен мәміле тараптарының құқық қабілеттілігін, әрекет қабілеттілігін, ерік білдіруін, қолдарының түпнұсқалығын тексеруді жүзеге асырады.

Нотариусқа жүгінген кезде шартты ресімдеуге, оның мазмұнын тараптардың нақты ниеттеріне тексеруге байланысты барлық рәсімдерді және заңнама талаптарына қайшылықтардың болмауын нотариус жүзеге асырады.

Бұл ретте жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу саласында қызмет көрсету процестерін біртіндеп трансформациялау азаматтарға тіркелген құқықтар туралы ақпаратты электрондық түрде 20 минут ішінде алуға, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке өз құқықтарын электрондық түрде 1 жұмыс күні ішінде тіркеуге мүмкіндік берді.

Қазіргі өмірдің ырғағы тез жүреді және барлық салада тиісті тәсілдерді қажет етеді.

2020 жылғы 1 шілдеден бастап жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді ресімдеу кезінде эксаумақтылық енгізілді. Егер бұрын жылжымайтын мүлікпен жасалған мәмілелер оның орналасқан жері бойынша нотариуста куәландырылған болса, енді тараптар оның орналасқан жеріне қарамастан кез келген нотариусқа жүгіне алады.

2021 жылы Blockchain технологиясын қолдану арқылы екінші деңгейлі банктер рәсімдеген кепіл шарттарын тіркеу 1 жұмыс күні мерзімімен электронды форматқа көшірілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің  2021 жылғы           31 тамыздағы бұйрығымен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету Ережесіне мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне қатысты бірқатар өзгертулер енгізілгені белгілі.

Өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өтініш келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күнін құрайды, ал нотариалды куәландырылмаған мәміле бойынша мемлекеттік тіркелген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушіге өтініш келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Ал, электрондық тіркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін ақы төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Бұл ретте электрондық тіркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен кезден бастап екі сағат ішінде жеделдетілген тәртіппен жүргізіледі.

Ауыртпалықтардың, сондай-ақ заңдық талаптардың тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Қазіргі уақытта «электрондық үкімет» порталы арқылы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеудің барлық түрлерін аудару, сондай-ақ жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл жақын болашақта жылжымайтын мүлікпен жасалатын барлық мәмілелерді тіркеуді электрондық форматқа көшіруге мүмкіндік береді, бұл халықтың уақыт және қаржы шығындарын едәуір қысқартады.

Мемлекеттік саясатты іске асыруды, нормативтік және әдіснамалық қамтамасыз етуді, тіркеуші органның қызметін бақылауды әділет органдары жүзеге асыратынын атап өткен жөн, бұл ретте мемлекеттік тіркеуді жылжыматын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жүзеге асырады.

Үрмия  Манатқызы  Құлымбет

Түркістан облысы Әділет департаментінің

тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз

ету және бақылау  бөлімінің бас маманы,

«Қазақстан Заңгерлерінің одағы» РҚБ-нің ТО филиалының мүшесі

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...