12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ұрпағымыз тәрбиелі болсын десек…

Сотталғандар жазасын қоғамдық жұмыс жасау жасау арқылы өтеп, қоғамға өздерінің пайдасын тигізуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 40-бабына (Жаза түрлері) сәйкес қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаның бір түрі – қоғамдық жұмыстарға тарту. Қазіргі уақытта жазаның бұл түріне тарту көбірек қолданылуда. Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаның басқа да түрлері сияқты бұл үкімнің орындалуын да пробация қызметі жүзеге асырады.
Осыған орай жыл басынан Түркістан облысы Сарыағаш аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұратын бір азаматқа 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалды.
Енді Сарыағаш аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтар өздеріне сот жүктеген мәжбүрлі еңбекті өтеуге барғанда «Қоғам алдында парызын өтеу» деген жазуы бар арнайы киімді киіп жүретін болады.

Бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған сотталғандар мәжбүрлі еңбекті өтеу барысында арнайы киім киіп жүргені дұрыс. Себебі, ол адамның сот жүктеген міндеттін атқарып жүргенін бірден білуге болады. Осыны басты назарға ала отырып, Сарыағаш аудандық әкімшілігінің қолдауымен арнайы киім үлгілері қолданысқа берілді. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Мемкет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы жарлығына сәйкес қоғамдық жұмыстарға байланысты жазаны орындауға жариялылық элементтерін беру, оның ішінде сотталғандар үшін «қоғамға борыш беру» деген жазуы бар арнайы тану киімін немесе кеудешесін кию міндетін енгізу жолымен беру мәселесі пысықталды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында бұл мәселе Сарыағаш ауданы әкімдігінің жанынан құрылған консультациялық-кеңесші органның отырысыда оң шешімін тапты. Қазіргі таңда Сарыағаш ауданына қарасты барлық ауыл округтерінде «Қоғам алдында парыз» ұраны жазылған кеудешені пробациялық бақылауда жазасын өтеп жүрген сотталған азаматтар киіп, өздеріне берілген жұмыстарын жасауда, — деді Сарыағаш аудандық пробация қызметінің бастығы әділет капитаны Асхат Байтен.

Пробация қызметі бастығының сөзіне қарағанда есепте тұрғандардың қоғамдық жұмысқа тарту арқылы жазасын өтеу әлемдік тәжірибеде бар екен. Сотталғандарды қоғамдық жұмысқа тарту арқылы қылмыстың саны бір шама азайғанын да атап өтті.

Мәжбүрлі еңбекке тарту Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 44-бабы 1-бөлігінде көрсетілгендей бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған сотталғандарға қолданылады. Аталған мәжбүрлі еңбекті жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастырады және күніне төрт сағаттан асырылмай өтеледі. Сотталғанға тағайындалатын жаза түрінің бірі бас бостандығынан шектеу жазасы. Бас бостандығынан шектеу жазасына сотты болғандарды әдетте тұрақты жұмыс орны жоқ және оқуда жоқ болуына байланысты, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда, жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын бір жүз сағаттан мәжбүрлі еңбекті тағайындайды. Мәжбүрлі еңбекке тарту күніне төрт сағаттан асырылмай өтеледі.

«Әкеге қарап ұл өсер» деп дана қазақ халқы бекер айтпаса керек. Себебі, біз ұрпағымызды тәрбиелеу арқылы өзімізді де тәрбиелейміз. Әлемнің әр мемлекетінде баланы тәрбиелеудің жолдары бөлек. Жапондар бала тәрбиесіне баса мән беретін ұлттың бірі.

Олар «Балаңды бес жасқа дейiн патшаңдай күт, он бес жасқа дейiн құлыңдай жұмса, ал он бестен кейiн досыңдай сырлас» деген тәрбие негізін берік ұстанады. Кәрістер үшін бала тәрбиесі — сөз бен істегі адалдық, мақсатқа жетудегі табандылық пен төзімділікке баулу. Қытайлықтар болса балаларын кішкентайынан төзімді, сабырлы және қанағатшыл болуға тәрбиелейді. Сонымен қатар, еуропалық үшін бала тәрбиесі мемлекеттік маңызы бар шаруа болып саналады. Ал, біз тәрбиеге назар аудырып жүрміз бе? Қылмыс жасаған әке өз баласына қандай тәрбие бермек?! Ұрпағымыз тәрбиелі болсын десек бірнші өзіміз тура жолдан таймауымыз керек болар.

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...