12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Қазгермұнай» БК» ЖШС-не
қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ісі қаралды

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-бөлігі (нарық субъектілерінің ҚР Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған өзінің үстем немесе монополиялық жағдайын жоғары немесе төмен бағаларды белгілеу, ұстап тұру арқылы теріс пайдалану) бойынша «Қазгермұнай» БК» ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ісі қаралды.

ҚР Конституциясының 26-бабының 4-тармағында әркім кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар екендігі, монополистік қызметтің заңмен реттеліп әрі шектелетіндігі туралы, жосықсыз бәсекеге тыйым салынатындығы туралы айтылған.

Сот қаулысымен «Қазгермұнай» БК» ЖШС ҚР ӘҚБтК-нің 159- бабының 3-бөлігі бойынша 1 152 226 751 теңге көлеміндегі монополистік кірісі мемлекет пайдасына тәркілене отырып, 126 659 787 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Серіктестік өкілінің апелляциялық шағымы негізінде Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөнінегі сот алқасында аталған қаулының заңдылығы тексерілді. Бірінші саты соты қаулысына өзгеріс енгізіліп, монополистік кірісінің мемлекетке өндірілетін мөлшері 881 423 754 теңгеге төмендетіліп, қаулының қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды. Сот қаулысы заңды күшінде. Бүгінгі күні қаулы орындалды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...