spot_img
spot_img

Полицейлер ауылдасын алдап, жарты миллион ақшасын алған жас әйелді анықтады

Түлкібас аудандық полиция бөліміне ауыл тұрғындарының бірі арызданды. Ер адамның айтуынша, оны ауылдасы алдап, 470 000 теңгесін алған. Яғни орта жастағы ер адамды танысы «Мемлекеттен қайтарымсыз грант шығарып беремін деп» сендіріп, қаражатты алған соң, түрлі сылтаулар айтып, уақыт созған. Соңында алаяққа алданғанын түсінген тұрғын полицейлерден шара көруін сұрайды.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды.
Тексеру кезінде осы қылмысты жасаған жергілікті тұрғын, жас әйел анықталды. Полицияға жеткізілген сезікті, оңай жолмен келген ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жібергенін мойындады. Ал тәртіп сақшылары күдіктілердің саны артуы мүмкін екенін алға тартады. Оны анықтау бағытында жан-жақты жұмыс атқаруда.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Шардаралық жігіт заңды бұзып қайта қамауға алынды

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасасты Шардара...

Зейнеткерді қорқытып, тонап кеткен үш ер адам ұсталды

Төлеби аудандық полиция бөліміне жалғызбасты зейнеткер тұрғын әйел арызданды....

Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғыннан шолақ мылтық тәркіледі

Түркістан облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері...

Екі сотталған әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Мамыр айының 15-25 аралығында «Подучетник» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде....

Алматы облысының колониясына тыйым салынған заттар өткізбек болды

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №12...