Вайнерлер айыпталған оқиға: іс сотқа жолданды

Алматы прокуратурасы танымал вайнерлерге қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оны басқару дерегі бойынша Алмалы аудандық сотына А.Құрманғалиев, Р.Бурканов, Д.Рахимова, Д.Ча, А.Рүстемов, Т.Касенов, С.Касенов, Н.Сұлтанбаев, М.Шерниязов, М.Төребаев, Б.Жармұхамед, Ерлан және Ержан Мансуровтарды айыптау бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады.

Іс фигуранттары А.Ораз бен А.Саидбаевқа халықаралық іздеу жарияланды.

Қылмыстық іс аясында 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банк шотына және 16 компанияның жарғылық капиталындағы түрлі үлеске тыйым салынды.

Іс бойынша айыптауды процестік прокурор қолдайды», — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін танымал қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауға алу мерзімі ұзартылғанын хабарлаған едік.

RESPUBLICA ӨҢІРЛІК ШТАБТАРДАҒЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

26 қарашада Respublica партиясының өңірлік филиалдарында мәслихатдепутаттарының кезектен тыс сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқанының аяқталуынаарналған сайлау штабтарының қорытынды отырыстары өтті. Отырыстар барысында өңірлік командалар атқарылған жұмыстардықорытындылап, сайлаушылармен өзара байланыс және алдағы дауыс беру күнінеұйымдастырушылық дайындық мәселелерін талқылады. Үгіт-насихат кезеңінде партия кандидаттары мен белсенділері еңбек ұжымдарымен,...

ТАТУЛАСУ – ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ЕҢ ТИІМДІ ӘДІСІ

Қоғам өмірінде адамдар арасында түрлі келіспеушіліктер мен даулы мәселелердің...

Отбасылық бақыт өзімізден басталады

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №21 мекемесінің жеке құрам...