ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау кеңес береді

Жазғы маусым – бұл демалыс уақыты, бірақ өкінішке орай дәл осы кезеңде судағы жазатайым оқиғалар көбейеді.

Қазақстан ТЖМ азаматтарды судың жанында өте сақ болуға шақырады.

Естеріңізде болсын: трагедиялардың көпшілігі рұқсат етілмеген, жабдықталмаған және шомылуға тыйым салынған жерлерде болады.

Соңғы күндері еліміздің әртүрлі өңірлерінде суда қайғылы жағдайлар орын алды. Бірнеше отбасы туыстарынан айырылды. Мұның бәрі бір сәтте, абайсызда немесе өз күшін асыра бағалағандықтан болды.

Мысалы Алматыда орнатылған тыйым салу белгілеріне қарамастан, Сайран көлінде жасөспірім мен ер адам суға батып кетті. Әдеттегі  жаздың күні трагедия болды. Қарағандыда да карьерлердің бірінде жасөспірім қайтыс болды. Мұндай су объектілері шомылуға жабдықталмағандықтан, тереңдік деңгейі әртүрлі, суы салқын және құтқарушылар болмағандықтан үлкен қауіп төндіреді.

Азаматтар барлықтарыңызды судағы қарапайым, бірақ өмірлік маңызды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз:

  Тек рұқсат етілген, жабдықталған жерлерде шомылыңыздар;

  Тыйым салынған аймақтарда суға түспеңіздер;

  Су маңында демалған кезде алкоголь ішпеңіздер;

  Буйкалардан асып жүзбеңіздер;

  Жартастар мен көпірлерден секірмеңіздер;

  Су көліктеріне жақын жүзбеңіздер;

  Ең бастысы балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.

Барлық азаматтарды өздеріңіздің және жақындарыңыздың өміріне барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Қауіпсіздік — әрқайсымыздан басталады.

Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаттары айқын

Азаматтар өзінің заңды құқығын біліп, өз мүддесін қорғауға қабілетті...

Татуластыру тетігін таңдау тараптардың еркінде

Азаматтық сот ісі заңдылыққа сүйене отырып дауларды әділ шешуді,...

Жасанды интеллект сот жұмысына серпін береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды цифрландыру және жасанды...

Ерекше іс жүргізудің тиімділігі неде?

Елімізде жүргізіліп жатқан сот реформаларының басты мақсаты – азаматтардың...

Ашық сот процесі халық сенімін нығайтады

Сот жұмысы ашық, қолжетімді болған сайын азаматтардың сотқа деген...