СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ, БЮРОКРАТИЯДАН АРЫЛТУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ

🔹2026 жылдың 1-тоқсанында Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді.
🔹Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында Сот сараптамалары институтына сыртқы талдау басталып, мемлекеттік сатып алулар, сараптама жүргізу және қызметтер көрсету салаларында бірқатар тәуекелдер айқындалды.
🔹Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген мониторинг барысында заң талаптарын сақтамау, артық біліктілік талаптарын қою және бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану фактілері анықталды.
🔹Мәдениет саласы бойынша мониторинг нәтижесінде 3 ұсыным беріліп, толық орындалды.
🔹Бюрократиядан арылту бағытында 30 кейс қаралып, қосымша 5 жоба әзірленді. 🔹Мемлекеттік органдар қызметіндегі артық және қайталанатын функцияларды жою бойынша 5 ұсыныс енгізілді.
🔹Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 53-тен астам іс-шара өткізіліп, 6 мыңға жуық адам қамтылды.
🔹Облыс әкімінің қатысуымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында денсаулық сақтау және құрылыс салаларындағы тәуекелдер қаралып, 7 ұсыным әзірленді.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...