12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Тылдағы» жұмыстың қаһармандары

Сот қызметкерлері – сот жұмысының айнасы. Соттың «тылында» тынымсыз еңбек ететін сот хатшыларының жұмысы былайғы жұртқа беймәлім. Өйткені, халықтың көретіні – судья. Алайда, іс сотқа жеткенге дейінгі, сотта қаралып біткеннен кейінгі сырт көзге көріне бермейтін қисапсыз жұмыстың артында көптеген кеңсе қызметкерлерінің еңбегі жатыр. Судья істі қарап, дауға төрелік еткенімен, оған қатысты іс-құжаттарының барлығы алдымен сот хатшысының сүзгісінен өтеді.
Сот отырысының өз уақытында басталып, тәртіпке сай өтуі кеңсе қызметкерлерінің жауаптылығына, тиянақтылығына тікелей байланысты. Себебі, кеңсе мамандары арыз-шағымды «Сот кабинеті» арқылы қабылдап алғаннан бастап азаматтармен қоян-қолтық жұмыс істейді. Арыздың талапқа сай жазылуын, құжаттардың толықтығын, қосымша анықтамалардың бар-жоғын түгендегеннен кейін кеңсе қызметкерлері қос тарап пен куәлардың сотқа дер кезінде қатысуын қамтамасыз етеді. Бір қатысушының сот отырысына келмеуі – істің талап­қа сай таразылануына мүдделі қаншама адамның уақытын жоғалтуына, жұмысынан қалуына, қаржысын шығаруына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде сот отырысын дұрыс ұйымдас­тыра алмағаны үшін сотқа деген жағымсыз көзқарасты қалыптастырады. Сондықтан соттың белгіленген мерзімде, кедергісіз өтуіне жағдай туғызу сот хатшыларының өз қызметін қаншалықты меңгергеніне дәлел бола алады.
Бұрынғы кеңсе қызметкерлерінің жұмысымен салыстыр­ғанда қазіргі мамандардың жұмыс жүктемесі айтарлықтай төмен. Себебі, жаңа технология жетістіктері енгізілмей тұрып кеңсе мамандары көп қағаздың ортасында көміліп отыратын. Сот отырысының хатшыларына тіпті қиын. Сотқа қатысушылардың әрқайсысының айтқанын айна-қатесіз қағазға түсіру оңай шаруа емес еді. Ал қазір сот мәжіліс залдары толықтай дыбыс-бейне жазу құрылғыларына жазылатындықтан, енді сот хатшыларына істің номерін, тараптардың аты-жөні секілді қажетті деректерді енгізеді. Ен­ді хаттама жазбай-ақ сот отырысы жазылған таспаны бірге тіркесе жеткілікті.
Сот отырысына қатысушыларды шақыруда да ілгерілеу бар. Бұрын әр қатысушыны сот отырысына шақыру үшін поштаның көмегіне жүгінетін едік. Бұған қаншама қағаз, уақыт кететін. Қазіргі кезде бұл мәселе де толық шешімін тапты. Енді қатысушыларға ұялы байланыс арқылы хабарлама жіберіп, телефонына тікелей қоңырау шалу арқылы сот отырысына шұғыл жинауға болады.
Сот беделін арттыруда кеңсе қызметкерлеріне қатысты тәртіп пен талаптың күшейгенін де айта кеткен жөн. Бүгінде сот мамандарының біліміне, адамдармен сөйлесу мәдениетіне жіті мән беріледі. Сотқа қатысты ең алғашқы пікір сот қызметкерлерінің өзін-өзі ұстауына, сауатты да салқынқанды жауап беруіне байланысты болғандықтан мамандар күнделікті қызметте «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін» басшылыққа алады. Әдеп кодексінің талабына сай болу – сот беделін нығайтудың алғышарты. Өз қызметін жетік білетін, әдептен озбайтын, азаматтардың сауалына ұқыпты да сыпайы жауап бере алатын мамандар сотқа қатысты жағымсыз пікірдің туындауына жол бермейді. Сот мамандары – болашақ судьялар болғандықтан, әдептілік әліппесін осы бастан меңгергені аса маңызды.

Нұрхан Әбдікәрім,
Сырдария аудандық сотының кеңсе меңгерушісі

Қызылорда облысы

Сот хатшысы болу абыройлы міндет!

Сот саласында сот хатшысының өз орны бар. Бірде-бір процесс...

Үлкенге де, кішіге де қамқор аға

Қазақстан соттарының төл мерекесі тек сот қызметкерлері үшін ғана...

ДАМУ ЦИФРЛАНУҒА ТІКЕЛЕЙ ТӘУЕЛДІ

Сот жүйесінің кешегісіне көз жүгіртіп, бүгінгісіне талдау жасайтын болсақ...

Жүйе Конституциялықнегіздерді нығайтты

Конституцияға сәйкес республикада мемлекеттік билік біртұтас. Ал Конституция мен...

Ардагер-судьяларға алғысымыз шексіз

Кәсіби мерекені белгілеудің өзіндік мәні бар. Бұл әр мамандықтың...