12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот хатшысы болу абыройлы міндет!

Сот саласында сот хатшысының өз орны бар. Бірде-бір процесс осы субъектінің қатысуынсыз өтпейді. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот отырысының хатшысы сот төрелігін жүзеге асыруға жәрдемдесетін, бірақ бұл ретте сот төрелігін іске асыру жөніндегі функцияны орындамайтын және судьяны алмастырмайтын іс жүргізу тұлғасы болып табылады.

Сот процессін дұрыс ұйымдастыру, сот құжаттарын, сот отырысының хаттамасын дұрыс, нақты, сауатты жасау сот отырысы хатшысының жұмысына байланысты. Сот отырысының хатшысы іс материалдарын сот отырысында қарауға дайындаумен айналысады, хабарламаларды, шақыру қағаздарын, смс-хабарламаларды процеске қатысушылар мен тараптарға жібереді. Сонымен қатар, ол процеске қатысушы адамдардың келуін де қамтамасыз етеді. Бұған қоса ол өзі сот отырысына қатысады және сот отырысының хаттамасын жүргізеді, сот актілерін орындайды, сот істерін заңнама талаптарына сәйкес ресімдейді, құжаттарды мұрағаттайды және оларды сот мұрағатына тапсырады.

Сот отырысы хатшыларының жұмысы сырт көзге қарапайым әрі оңай болып көрінуі мүмкін. Бір қарағанда, сот отырысының хатшылары тараптардың жауаптарын қағазға түсіріп, хаттама жазып, іс құжаттарын реттеп отыратын жәй ғана маман сияқты. Алайда, сотта қаралатын кез келген істің өзіндік қиындықтары мен қатар істі өндіріске дайындау сатылары болады. Сот отырысы хатшысының жұмысы күрделі, көп салалы, сөйте тұра қызықты да. Сондықтан судьяның тікелей көмекшісі, сот отырысының ұйымдастырушысы сот хатшысына көп нәрсе байланысты.

Кусаинова Балым Каныбековна, Алматы облысының №2 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе бас маманы

Результативность работы госслужащих – следствие  эффективного планирования рабочего времени

Защита прав государственных служащих - важное направление деятельности Агентства...

«Электронды сот төрелігінің тиімділігі»

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Какие меры принимаются для защиты прав детей при разводах – судья Кымбат Комиртасова

При рассмотрении дел о расторжении брака судами принимаются определенные...