12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ТҮЛЕКТЕР ГРАНТ БӨЛУДЕГІ ТЕҢСІЗДІККЕ ӨКПЕЛІ

Мектеп бітіруші түлектердің мемлекеттік грант иегерлерінің тізімін асыға күтетіні белгілі. Түлектер үшін биылғы жыл тосын жаңалыққа толы болды. Грант бөлудегі теңсіздік, ауылдық квота мен төтенше жағдай аймақтарындағы шәкірттерге берілген айрықша мүмкіндік жоғары балл жинаған талай түлектің арманын аяқсыз қалдырды. 

Әрине, ауылдық квотаның жайы бұрыннан белгілі. Ол ауылдық жерде тұратын жастардың жоғары білім алуына жол ашуға бағытталған. 2024 жылы бұл квота 35% құрап, көптеген ауыл түлектерінің мүмкіндігін кеңейтті. Ал биыл бұл жеңілдікке қосымша төтенше жағдай аймақтарынан келген студенттерге арнайы гранттар бөлінген. Ең қызығы, мұндай игілік жалпыға ортақ гранттар есебінен үлестіріліп отыр. Өкінішке қарай, бұл жүйе қала мектептерінің жоғары балл жинаған түлектерінің жолын кесті. Соның бірі – Әйгерім Жүнісбек. Алғыр қыз ҰБТ-дан 109 балл жинап, туризм мамандығын таңдаған. Бірақ, грантқа ілінбеген. Себебі, төтенше жағдай аймағынан келгендер 98 баллмен оқуға қабылданыпты.

– Бір жарым жыл еңбегіміз зая кетті. Әрине, төтенше жағдай аймағында тұратындарға жеңілдіктің берілгені орынды. Бірақ ол аймақтардағы барлық ауылды су басқан жоқ қой. Меніңше министрлік жалпы гранттарға тиіспей, оларға бөлек грант бөлуі керек еді, – дейді Әйгерім Жүнісбек. Ал Бақытбек Назерке Талғатқызы 127 балл жинап, журналистика мамандығына түсе алмаған. Оның орнына 120 балл жинаған және төтенше жағдай орын алған аймақтан келген түлектер грантқа ие болды. Назеркенің де министрлік шешіміне өкпесі қара қазандай. «Менің де грантта оқығым келеді. Сол үшін күні-түні ұйықтамай дайындалдым. Бірақ менің грантымды басқаға бере салды. Әрине, бұл әділетсіздік. Неге мемлекет біздің есебімізден апатты аймақтағы жастарға жағдай жасауы керек?» – дейді ашынған Назерке Талғатқызы. 

Түлектердің базынасы орынды. Десек те, мұндай реніш туындамас үшін құзырлы орган грант бөлудегі жаңалықты алдын ала таныстырып, талаптарын алдын ала айтуы керек еді. Сонымен қатар, бізде әлі күнге дейін мамандық таңдауға жауаптылықпен қарау жағы кемшін. Егер мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдаудың қыр-сыры, жастар көп қызығатын мамандықтарға түсудің де қиын болатыны жан-жақты түсіндірілсе, бүгінгідей өкпе-реніш азаяр еді. Мәселен, биыл медицина, ақпараттық технологиялар (IT) және құқық, стоматология, аудармашы, дене шынықтыру пәні мұғалімі мамандығын таңдағандар басым. Медицина саласында бір орынға шамамен 8-ден 15 талапкерге дейін үміткер болса, IT саласында бір орынға 10-13 талапкерден келеді. Құқықтану саласында да бәсекелестік деңгейі жоғары. Жыл сайынғы статистика мен орын санын көрсете отырып, түлектердің өз мүмкіндігіне қарай мамандық таңдауына жол нұсқау – мемлекеттік қамқорлықтың бір түрі. Бізде осы жағы әлі күнге ақсап тұр.

Аружан МАУЛЕНБАЙ

Правопорядок – дело общее

ПО ПОРУЧЕНИЮ ГЛАВЫ ГОСУДАРСТВА В КАЗАХСТАНЕ РАЗРАБАТЫВАЕТСЯ НОВАЯ МОДЕЛЬ ПРОФИЛАКТИКИ ПРАВОНАРУШЕНИЙ. ЗАКОНОПРОЕКТ, ПРЕДСТАВЛЕННЫЙ В МАЖИЛИСЕ, ОБЪЕДИНЯЕТ КЛЮЧЕВЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ ОТ БОРЬБЫ С СЕМЕЙНЫМ НАСИЛИЕМ, ДО НАДЗОРА ЗА РЕЦИДИВИСТАМИ, А ТАКЖЕ СТАВИТ ЗАДАЧУ: НЕ ДОПУСКАТЬ ПРАВОНАРУШЕНИЙ, А НЕ ТОЛЬКО РЕАГИРОВАТЬ НА НИХ.

Елімізде жалақысы ең жоғары өңірлер белгілі болды

2025 жылдың екінші тоқсанында Қазақстандағы орташа номиналды жалақы 420 мың теңгеге жетті. Дегенмен кей өңірлерде бұл көрсеткіш одан да жоғары болса, басқа аймақтарда керісінше төмен болып тұр.

Қазақстанда семіздікке шалдыққан балалардың саны артып келеді

Қазақстанда бес жасқа дейінгі балалар арасында артық салмақтың өсуі байқалып отыр. Статистикаға сәйкес, 8,7% бала семіздікке шалдыққан. Бұл дегеніміз әлемдік орта деңгейден жоғары көрсеткіш.

«Хан-Тәңірі» футбол клубының ойыншысы Диас Төлеу қайтыс болды

Матч уақытында "Хан-Тәңірі" футбол клубының ойыншысы Диас Төлеу қайтыс болды.

Ипотека шарттарының өзгеруі: өңірлерде тұрғын үй бағасы 20%-ға арзандауы мүмкін

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер уақытша ипотека беруді тоқтатып, оның шарттарын қайта қарау және мөлшерлемелерді көтеру жөнінде шешім қабылдады. Тұрғын үй нарығы бойынша сарапшы Александр Пактың пікірінше, несиелеу талаптарының күшеюі әсіресе өңірлерде пәтер бағасының 20-25%-ға дейін төмендеуіне алып келуі мүмкін.