Елімізде жалақысы ең жоғары өңірлер белгілі болды

2025 жылдың екінші тоқсанында Қазақстандағы орташа номиналды жалақы 420 мың теңгеге жетті. Дегенмен кей өңірлерде бұл көрсеткіш одан да жоғары болса, басқа аймақтарда керісінше төмен болып тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың екінші тоқсанында номиналды орташа жалақы жылына 9,8%-ға өсіп, 420,9 мың теңгені құрады. Ал алғашқы бестікке жоғары жалақысы бар қалалар мен облыстар кірді.

Ең жоғары жалақысы бар өңірлер:

  1. Маңғыстау облысы – 575,1 мың теңге (орташа елдік деңгейден 36,6% жоғары);
  2. Ұлытау облысы – 549,3 мың теңге;
  3. Атырау облысы – 544,7 мың теңге;
  4. Астана қаласы – 528,1 мың теңге;
  5. Алматы қаласы – 497,5 мың теңге.

Қалған 15 өңірде орташа номиналды жалақы елдік деңгейге жетпеді.

Ең төмен жалақы төленетін облыстардың үштігі:

  • Шымкент – 315 мың теңге;
  • Жамбыл және Түркістан облыстары – 341,8 мың теңге.

Статистикалық деректерге сәйкес, 2025 жылдың екінші тоқсанында Қазақстан қалаларында жалақы ауылдарға қарағанда орташа есеппен 23,4%-ға жоғары болды. Алайда бұл жалпы көрсеткіш.

Кей өңірлерде қалалар мен ауылдардағы жалақы айтарлықтай ерекшеленеді.

Мысалы, Түркістан облысында қалалардағы номиналды жалақы ауылдарға қарағанда 6,7%-ға төмен. Бұл агроөнеркәсіп секторының белсенді дамуына байланысты. Себебі ірі шаруашылықтар негізінен ауылдық жерлерде орналасқан және еңбек нарығы көрсеткіштеріне әсер етеді.

Ауылдарда ең жоғары жалақы төленетін өңірлер:

  • Атырау облысы – 631,6 мың теңге;
  • Маңғыстау облысы – 421,7 мың теңге;
  • Қарағанды облысы – 418,3 мың теңге.

Қалалар мен ауылдар арасындағы айырмашылығы айтарлықтай өңірлер:

  • Маңғыстау облысы: қалалар – 698,4 мың теңге, бұл ауылдарға қарағанда 65,6% жоғары;
  • Ұлытау облысы – 580,7 мың теңге (44,3% жоғары);
  • Батыс Қазақстан облысы – 36,3% жоғары;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 22,5% жоғары.

Последнее слово – за избирателем

23 АВГУСТА В КАЗАХСТАНЕ СОСТОЯТСЯ ПЕРВЫЕ ВЫБОРЫ ДЕПУТАТОВ КУРУЛТАЯ. ПОКА ПАРТИИ ПРОДОЛЖАЮТ АГИТАЦИЮ, ИЗБИРАТЕЛИ ПОЛУЧАЮТ ВОЗМОЖНОСТЬ СРАВНИТЬ ИХ ПРОГРАММЫ И ПОЗИЦИИ, А ЭКСПЕРТЫ ОЦЕНИВАЮТ ВОЗМОЖНУЮ ЯВКУ. ОДНОВРЕМЕННО ФОРМИРУЕТСЯ И СИСТЕМА НАБЛЮДЕНИЯ ЗА ГОЛОСОВАНИЕМ.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9% құрады

2026 жылғы II тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрады.

Ел аумағында бір тәулікте 8 орман өрті тіркелді 

Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазақстандықтар қыркүйек айында қанша күн демалады? 

2026 жылдың қыркүйек айында қосымша демалыс күндері болмайды. Қазақстанда бұл ай әдеттегі жұмыс кестесімен өтеді.

Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандады 

Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 42 центке (0,47%) төмендеп, барреліне 88,56 долларды құрады.