12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тоқаевқа етік тіккен етікшімен сұхбат

Самғау Нәсіпханұлы — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының тумасы. Негізгі мамандығы — механик машинист.

«2011 жылдан бастап ата кәсібімізді жалғастырып, аяқ киім тігумен айналысып жүрміз. Жетінші атамыздан бері етікші. Өзім де кішкентай кезімнен қолөнерге қызығатынмын. Содан басталды», — дейді ол.

Самғау Нәсіпханұлы Мемлекет басшысына аяқ киім жасауға ұсыныс қалай түскенін әңгімелеп берді.

«2022 жылы бір азамат хабарласып, Мемлекет басшысына тапсырыс беру туралы шешім қабылдады. Сөйтіп өлшемін айтып тапсырыс берді. Ол кісіге аяқ киім жақсы келген, содан бері жасап жүрмін. Тапсырыс берген кезде «тегін берейін, отандық өнімді таңдағаны үшін сыйлайын» дедім. Ол кісінің көмекшілерінің бірі «әділеттіліктің басы осы жерден басталады, тегін алмаймыз, сатып аламыз» деп, ақшасын төлеп сатып алды. Сол кезде ол кісілердің әрекетіне риза болдым», — деді ол.

Шебер бұған дейін Президентке бірнеше аяқ киім, соның ішінде туфли, сандал, кроссовка жасап бергенін айтты.

«Ол кісіге аяқ киімдердің ыңғайлы болғаны соншалық — «шебер балаға менің атымнан сыйлық жіберіңдер» деп, сыйлықтарын жіберді. Ол жерде «ізгі ниетпен Қасым-Жомарт Кемелұлы» деп тұр. Екіншісінде цехының төрінде тұрсын деп өзі таңдаған картинасын жіберді. Былайша айтқанда, ол кісінің батасын алдым. Ол кісіге аяқ киімнің ыңғайлылығы, әдемілігі қатты ұнаған екен», — деді Самғау Нәсіпханұлы.

Шебер Мемлекет басшысына аяқ киімді өзі арнайы уақыт бөліп жасайтынын, ал материалына өте ыңғайлы, сапалы тері таңдалатынын айтты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бізге тапсырыс беруі — еңбек адамына деген құрмет. Басшыдан қарапайым еңбек адамына тапсырыс түсуі — біздің балаларымызға да жететін сый-сияпат»,- деді Самғау Нәсіпханұлы.

Бүгінде кәсіпкер бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр.

«Шеберханамызда 15-20 адам жұмыс істейді. Астананың іргесінде шағын шеберханамыз бар. Қазір балалар аяқ киімі, кроссовкасы, туфлиі, ерлерге арналған аяқ киім, әйелдер аяқ киімі — бәрін жасаймыз. Сұраныс өте үлкен», — дейді ол. 

Самғау Нәсіпханұлы шеберханасынан шыққан өнімдерді үш түрлі класс бойынша сатуды көздеп отыр.

«Бірінші класс — эконом класстағы аяқ киімдер. Ол 10 мың теңге мен 30 мың теңге арасында. Екіншісі — 30 мың теңге мен 300-400 мың теңгеге дейінгі премиум санаттағы аяқ киімдер, оларды жасауды енді қолға алып жатырмыз. Дүкені де ашылады. Үшіншісі сервис қызметі, өзіміздің жасаған өнімдерімізге жауап береміз», — дейді ол.

Ал бүгінде шеберханада жаппай өндіріс және жеке тапсырыс арқылы аяқ киімдер тігіледі екен.

«Жеке тапсырыстың жасалу уақыты — 1-2 апта, кейбір аяқ киімдер 1 айда жасалады. Ең қымбат етіктің бағасы — 500-600 мың теңге», — деді шебер.

Кәсіпкер болашақта үлкен фабрика ашуды жоспарлап отыр.

«Шебер ретінде өте үлкен жетістіктерге жеткен адаммын. Кәсіпкер, кәсіпорынның иесі ретінде, өндіріс жасап отырған адам ретінде енді ғана бастап жатырмыз. Осыған байланысты Шымкент қаласының әкімі Ғабит деген азаматқа жолығып, жобамды үлкейту бойынша ұсыныс жасадым. Ол кісі қолдау көрсететін болды. Қолдаса, 100 адам жұмыс істейтін үлкен өндіріс орнын ашамыз. Ол Қазақстандағы, ТМД-дағы ең үздік өндіріс болмақ, сонымен қатар, Қазақстанды көтерме аяқ киіммен қамтамасыз ететін фабрика болады деп ниеттеніп отырмыз. Ресми мәлімет бойынша шетелден кіретін аяқ киім саны — 60 миллион жұп. Бұл катастрофа. Ал бейресми кіретіні қаншама?! Сондықтан еліміздің экономикалық тәуелсіздігіне үлес қосу — біздің мақсат», — дейді кәсіпкер.

Шебер күніне 100 жұп аяқ киім шығаруға дейін мүмкіндіктері жететінін, алайда бұл межеден асуды көздейтінін жеткізді.

«Шымкент қаласынан ашудағы себебіміз: ол жерде тері, аяқ киімнің қалыбы, қораптары — бәрі өндіріледі. Кластерлік даму қолға алынған, яғни бәрі бір жерде отырады. Бұл тәжірибені Қытай, Түркия қолданады. Болашақта біз де Қазақстандағы нөмірі бірінші бренд боламыз деген жоспарымыз бар. Оған жұмыс істеп жатырмыз», — деп түйіндеді әңгімесін кәсіпкер.

Әбілқасым Алмат, Абылай хан атындағы Казақ Халықаралық Қатынастар
жене Әлем Тілдері Университеті
2 курс студенті

Алматы қаласында 181 мемлекеттік қызметшіге тынығу сағаттары берілді

          Жұмыс процесін оңтайландыру, еңбек тиімділігін арттыру және тапсырмаларды...

О некоторых вопросах ротации  государственных служащих

С какой целью  проводится ротация? Ротация проводится для повышения эффективности...

«Бітімгершілік — биік адамгершілік іс»

Бүгінгі таңда дауларды шешудегі маңызды рәсімдердің бірі татуластыру рәсімдері...

Дәлелдемелер дер уақытында ұсынылуы тиіс

Азаматтық процестік кодекстің 73-бабында дәлелдемелерді ұсыну нормалары көрсетілген. Мұны...