Мемлекеттік корпорация қызмет көрсету сапасын арттыру үшін оқыту іс-шараларын ұйымдастыруда


            «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін жетілдіруге және заманауи тәжірибелерді енгізуге бағытталған оқыту іс-шараларын тұрақты түрде өткізіп келеді.

2025 жылдың басынан бері корпорация мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне кәсіби дағдыларын дамытуға, сапалы әрі ашық мемлекеттік қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін бірқатар оқытуларды іске асыруда.

Аталған кезеңде корпорацияның фронт-офистерінде мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен 43 оқыту іс-шарасы өткізілді. Бұл семинарлар тәжірибе алмасуға, бірыңғай жұмыс стандарттарын қалыптастыруға және қызмет көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізуге ықпал етті.

Сондай-ақ, 4-5 қыркүйек күндері Астанада «Таным» корпоративтік оқу орталығы екі күндік семинар өткізді. Бағдарлама kenes1414 және «е-Өтініш» білім базаларымен жұмыс, ішкі процестерді оңтайландыру және электрондық үкімет порталының сервистерін пайдалану мәселелерін қамтыды.

Семинарға Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің өкілдері қатысып, мемлекеттік органдардағы өтініштерді тіркеу мен есепке алу тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар, Әділет министрлігінің мамандары Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қолданылуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Практикалық бөлімде қатысушылар «е-Өтініш» жүйесі арқылы азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуді үйренді.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға «е-Өтініш: азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу әдістемесі мен тәжірибесі» бағдарламасын аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.

Осылайша, білім беру бағдарламаларын дамыту Мемлекеттік корпорация жұмысының маңызды бағытына айналып отыр. Бұл мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, қызметкерлердің кәсіби дамуына және заманауи тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді.

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...