Тергеу изолятор қызметкерлері жұмыс кездесуін өткізді

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №71 мекемесінде Жетісу облысының Мемлекеттік кірістер басқармасының Өндірістік емес төлемдер бөлімі мен медициналық сақтау қоры мамандарының қатысуымен кездесу өтті.

Іс-шараның ресми бөлігі басталмас бұрын, мекеме қызметкерлеріне кезекті арнайы шендерін табыстау рәсімі өтті. Қызметкерлердің еңбегі мен адалдығы жоғары бағаланып, оларға алғыс білдірілді.

Кездесу барысында мемлекеттік кірістер басқарма өкілдері салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша өзгерістер мен жаңалықтар жөнінде түсіндірме берді. Сонымен қатар, медициналық сақтау қоры мамандары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің маңыздылығы, оның артықшылықтары мен қызмет алу тәртібі туралы баяндап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Осындай кездесулер қызметкерлердің қаржылық және әлеуметтік мәселелер бойынша хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдармен тиімді өзара әрекеттестікті дамытуға ықпал етеді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...