12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІПКЕ ҮНДЕЙТІН АКЦИЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жер-жерде жүріп жатқан «Таза Қазақстан» акциясының берері көп. Бірден ел қолдауына ие болған игі істің бүгінде облыс, қала, аудан және ауыл-аймақта жалғасуы көңіл қуантып тұр. Туған өлкені аялап, оны таза ұстау – әр қазақстандық азаматтың міндеті екенін ескерсек, бұл алдымен өзімізге, одан соң кейінгі буынға өнегелі іс болатын. Ал мұндай ауқымды шарадан қалыс қалмаған Ақмола облысының жұртшылығы да бастамаға білік сыбана кіріскелі біршама уақыт өтті.

Тіршіліктің шаң-тозаңынан арылып, талшыбық еккен халықтың мәре-сәре болған көңіл-күйін көру үлкен қуаныш емес пе? Облыс орталығы – курортты Көкшетаудан басталған акция қолдаушыларының ауқымды ісін ауыл жұрты да жалғастырғалы көп болды. Ал бүгінде келісті өңір саналатын «Көкшетау» ұлттық мемлекеттік табиғи паркінің аумағы әдемі күйге түскендей. Акция аясында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мұқият тазаланыпты. «Елдің қолдауына ие болып отырған бұл игілік жүйелі әрі тұрақты атқарылуы керек. Ұлттық парк облыс орталығындағы №17 мектеп-гимназиясымен стратегиялық әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Алдағы уақытта мектеп-гимназияға экологиялықағарту әрекеттерін өткізу, тарихи-мәдени мұра нысандарымен бірге табиғи ескерткіштердің төл тарихымен таныстыру бағытында кешенді жұмыс өткізілмек. Осы меморандум шеңберінде мектеп-гимназияның оқушылары үшін қызықты экскурсиялар, туристік шерулер өткізу жоспарланған. Ғылыми конференция мен семинарларға қатысуға қолдау жасалып, бұл жұмыс үш жыл бойы жүргізілетін болады», – дейді табиғи парктің бас директоры Ербол Сағдиев. Бұл жұмыс бір білім ордасында ғана емес, жалпы халық арасында да жалғасын таппақ. Парк мамандары оқушылармен табиғат тақырыбындағы тағылымды әңгімелер өткізіп, әртүрлі викторина ұйымдастырмақшы. Осылайша, экология мәселесі өсіп келе жатқан жас буынның санасына әбден сіңірілсе, табиғатқа да тосыннан жау жоқ. Екіншіден, ұлттық парк қызметкерлері төл табиғатымызға қатысы бар бірнеше фильм де көрсетіп, парк аумағындағы табиғи ескерткіштерді де аралатады. Бірнеше кітаптар таратылып, ақпараттық шолулар да жүргізіледі. Мысалы, «Құстар күні» акциясын өткізу барысында сирек кездесетін құстардың түрлері туралы әсерлі әңгіме айтылады. Елді мекендерде құс ұяларын орнату жұмыстары қолға алынады. Қазірдің өзінде 300-ге жуық ұя орнатылыпты. Бұған 200-ге жуық табиғат жанашырлары белсене қатысқан. Айтпақшы, өткен сәуір айында дәл осы парк аумағында «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясы ұйымдастырылған еді. Негізгі мақсаты – орман байлығын еселеу әрі сақтау. Сол уақытта мектеп оқушыларымен, аудан тұрғындарымен бірлесе отырып, қарағай көшеттері отырғызылды. Ал Зеренді ауылдық округінің аумағында төрт мың дана қарағай көшеттері отырғызылды. Акция аясында Айыртау филиалына қарасты дендропарк аумағында арша көшеттері егілсе, аудан мектептерінің жер телімдеріне қарағай көшеттері отырғызылды. Бұған ауылдық округ қызметкерлері, мектеп оқушылары, интернат тәрбиеленушілері белсене қатысты. Дендропарк аумағында сенбілік, Шалқар филиалы кеңсесінің аумағында, Ақан сері атындағы орманшылықта түрлі көшеттер егілген. Тағы бір іс-шара – «Таза жағалау» акциясы. Бұл жолы Зеренді, Имантау және Шалқар көлдерінің жағалаулары мұнтаздай етіп тазаланып, қоқыстан арылды. Құмдыкөл мен Ақбас көлдерінің жағалаулары жинастырылып, бітелген бұлақ көздері ашылды. Акцияға 328 адам қатысып, 5,5 тонна қоқыс жиналған. Олар арнайы полигонға шығарылды. «Айыртау филиалында мемлекеттік инспекторлар ауданның барлық мектебінде кездесу өткізіп, төл тарихымыз бен табиғатымыз жайында, оны сақтап қалу туралы тамаша кездесулер өткізді.Сол уақытта «Табиғат білімпаздары», «Құстар күні» тақырыбындағы ашық сабақтар мен викториналарға қызыққан оқушыларымыз көп болды. Туған өлкесіне жаны ашып, оны сүйе білетін шәкірттердің көптігі бізді қуантты», – дейді Ербол Сағдиев. Сондай-ақ Зеренді филиалының аумағында «Құстардың пайдасы», «Парктер шеруінің тарихы» тәрізді шаралар ұйымдастырылған. «Әр құстың өз ұясы және жем астауы» тақырыбында бірнеше шара қолға алынды. Красный Кардон ауылының аумағында оқушылар қолымен жасалған құс ұялары ілінді. Мектеп оқушыларының «Визит» орталығы экскурсиялар ұйымдастырды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында осы ауылдың орта мектеп оқушыларының қатысуымен бұлақ жағалауында сенбілік өтіп, оған елуге жуық оқушы қатысқан. «Парк аумағына жыл сайын елу мыңнан аса демалушы келеді. Бір өкініштісі, көркем табиғатты сақтауға көп адам, әсіресе, үлкендеріміз салғырттық танытады. Сұлу Көкшетаудың орманында, көлдерінде көп қоқыс қалатынын көз көріп жүр. Сондықтан «Таза жағалау» акциясын жиі өткізуге тырысамыз. Өзіңіз білесіз, дұрыс сөндірілмеген бір тал темекінің өзі қауіп төндіреді емес пе? Табиғатқа тағылық жасамауы керек. Өйткені бұл байлық – бізге ғана емес, болашақ ұрпақ үшін де өте қажет құндылық», – дейді парктің бас директоры.

Шернияз ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ

На принципах закона и порядка

IX Съезд судей, состоявшийся 4 октября 2024 года, стал...

Сапалы қызмет алу — әрбір азаматтың құқығы

Әрбір азамат сапалы қызмет алуға құқылы, бұл жағдайда біз...

«85 лет кафедре Педагогики и образовательного менеджмента: традиции, достижения и перспективы развития»

Согласно историческим источникам становления кафедры в Казахском национальном университете...

Қате аудармалар мұндалап тұр

Көзі ашық, көкірегі ояу адамның қазіргі заманға ашынуы дұрыс...

«Қазақ тілі — қазақ халқының ана тілі»

Мемлекеттік тіл тәуелсіздік ұғымымен тікелей байланысты, себебі ата-бабамыздан келе...