12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Татуласу рәсімдері мен дауларды сотқа дейін, сотта реттеу мәселелері

Дау-жанжал әбден белең алған кезде де татуласу туралы айту керек. Өткен ғасырларда елімізде Азамматық процестік кодексі институты болмаған кезде сол уақыттың соттары, яғни билердің негізгі міндеті дауласышыларды дауластыру емес, татуластыру болғандығын тарих мәлімдейді. Қазіргі таңда, бұл тәсілді әлемдегі көптеген өркениетті ел қолданып отыр, себебі медиация тәсілінің енуінің өзі, өмір талабы.

Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі.
Медиацияға жүгінсе, дауласушы тараптардың бірінікі дұрыс, екіншісі бұрыс деместен, дауды шешудің екі жаққа да оңтайлы тиімді жолы қарастырылып, сол арқылы екі жақтың да мүддесін қамтитын шешім табылады.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Ертеде​ қазақ халқы «бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» деп, қандай дауды болмасын сабырлықпен, көптің қатысуымен, елдің төрелік етуімен, билердің билік құруымен шешіп отырған. Бітім, құн беру, келісімге келу, ағайыншылық жолдарымен талай күрделі мәселенің күрмеуі шешілген. Билер алқасы арқылы дау-дамай, жанжал ғана емес, азаматтық, елдік, рулық мәні бар мәселелер де кең көлемде жауабын тауып отырды.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​
Әрдайым қара қылды қақ жарған әділдікті берік сақтаған халқымыздың ежелден ұстанымы осындай болды. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген мақал да халықтың тәжірибесінен алынған.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ары қарай-ӘРПК) 120-121-баптарында​ бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыларда татуластыру рәсімдерін жүргізу тәртіптері қарастырылған. Бұл рәсімдер әкімшілік істер бойынша да сот төрелігін жүзеге асыру барысында татуласу рәсімдерін кеңінен қолдану​ мақсатында енгізіліп отыр.
Тараптар өзара жол беру негізінде әкімшілік процестің барлық сатысында (кезеңінде) сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Бір ескере кететін жағдай, әкімшілік істер бойынша жауапкердің әкімшілік қалауы болған кезде ғана тараптардың татуласуына жол беріледі.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Дауды медиация және партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу сотта осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша сот осындай келісімді бекіту не одан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
Мамандандырылғын ауданаралық әкімшілік сотта аталмыш заңды насихаттап, оның тиімділігін түсіндіру, сот процесінде тараптарға дауды медиация тәсілімен шешу құқығын түсіндіруге бағытталған жұмыстар қарқынды жүргізулуде. Тұлға егер сотқа берген жағдайда, біріншіден, істің қаралуы созылып кетуі мүмкін. Іске нүкте қойылғанша бірнеше сот отырысы өтеді. Шағымдар облыстық, тіпті Жоғарғы Сотқа жолданып жатады. Қайта қайта жұмыстан сұранып, кәсіпті тоқтатып, жеке тірлікті ысырап қоюға тура келеді. Мемлкеттік баж төлеу, сот шығынын өтеу, заңгерді жалдау, мұның бәрі үлкен шығын. Ең дұрысы- татуласу. Келісу, бітімге, бір мәміліге келу,. Одан екі жақта ұнатпаса, ұтылмайтыны шындық.
Ерікті түрде орындалмаған татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім сот келісім жасаған адамның өтінішхаты бойынша берілетін атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға жатады.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Бұдан бөлек, ӘРПК-нің 127-бабының 5-бөлігіне сәйкес, әкімшілік істер бойынша соттың тараптардың татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін бекіту туралы ұйғарымын орындамағаны үшін сот осы сот актісінде ол бір айдан аспайтын мерзім ішінде орындалуға жататын мерзімді көрсете отырып, жауапкерге елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолданады.
Егер тараптар татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімге қол жеткізбесе немесе сот келісімнің шарттарын бекітпесе, әкімшілік істі талқылау жалпы тәртіппен жүргізіледі.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Бірінші сатыдағы сотта медиация жүргізу үшін әкімшілік іс медиация туралы келісімді бекітетін басқа судьяға беріледі.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны әкімшілік іс өзінің іс жүргізуіндегі судья жүргізуі мүмкін.

​ ​ ​ ​ ​ ​

Ш​ымкент қаласы мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының

бас маман-сот отырысының хатшысы

Д.Курманаева

Ждем результатов проверки?

Одно дело, когда о каких-то нарушениях в государственных органах...

Ответственность за транспортные преступления 

Действующее законодательство Казахстана выделяет составы транспортных преступлений в отдельную...

Акцент – на качество и доступность

ЗДРАВООХРАНЕНИЕ – ОДНА ИЗ САМЫХ ВАЖНЫХ СФЕР ЖИЗНИ ОБЩЕСТВА,...

«Каспий» биржасында ұйымдастырылған күкірт саудасы басталды

«Каспий» тауар биржасында агроөнеркәсіптік және химиялық секторлар үшін стратегиялық...