Алматыда ІІМ Академиясының 300 курсанты Ант қабылдады

Алматы қаласында, 28 панфиловшы саябағында М. Есболатов атындағы Алматы академиясының бірінші курс курсанттары Ант қабылдау рәсімін салтанатты түрде өткізді.
Биылғы шара ерекше форматта ұйымдастырылып, екі айтулы датаға арналды – Республика күніне 35 жыл және Ұлы Жеңістің 80 жылдығы. Өтетін орын да символдық мәнге ие: Панфиловшылар саябағы – тарих пен тағзымға толы қасиетті мекен, ұрпақтар сабақтастығын сезіндіретін, отансүйгіштік рухын дарытатын орын.
Салтанатқа ішкі істер органдарының ардагерлері, құрметті қонақтар, ІІМ басшылығы, курсанттардың ата-аналары және Гонконг полиция академиясынан арнайы делегация қатысты.

– «Бүгін біздің жас курсанттар өміріндегі ең алғашқы әрі маңызды қадамды жасап отыр – олар Ант қабылдады. Халыққа адал қызмет етуге, заңды қастерлеуге және офицер абыройын сақтауға серт берді. Бұл оқиғаның дәл осы жылы, осы жерде өтуі біз үшін аса маңызды. Республика күні мен Жеңіс мерейтойы тәуелсіздіктің бағасын, Отанға қызмет етудің үлкен жауапкершілік екенін еске салады», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы, полиция полковнигі Қалижан Қобландин.
Ата-аналар үшін де бұл күн ерекше толқыныс пен мақтанышқа толы сәт болды.
– «Бұл күнді біз көп күттік. Біз үшін бұл балаларымыздың есейіп, маңызды шешім қабылдағанының айғағы. Енді олар елге қызмет етуге дайын. Бүгін оларды жинақы, сымбатты, өзіне сенімді көріп, жүрегімізді мақтаныш сезімі кернейді», – деді ата-аналардың бірі.
Жас курсанттар бұл күнге ұзақ дайындалды. Бүгін олар сап түзеп, парадтық киімде, жинақы да тәртіпті болып, Академия қатарын толықтырып, офицерлік жолға алғашқы қадам басты.

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы
Алматы академиясы

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...