Талғар аудандық ауруханасының дәрігерлері ауыл тұрғындарын профилактикалық тексеруден өткізді

Талғар аудандық орталық ауруханасының дәрігерлерінен құралған топ тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында профилактикалық тексеруден өткізуді бастады.
Дәрігерлерден құралған топ құрамына эндокринолог Ғалия Пірмағанбетқызы Сейтматова, невропатолог-Сейтқали Үкебайұлы Нұрғожаев, кардиолог — Данияр Мақашұлы Асылбеков, хирург — Дастан Бағдатұлы Рустенбаев және маммолог дәрігер — Нұржан Құрманғазыұлы кірді.
Бірінші кезекте көшпелі топ мүшелері Бесағаш, Қызылту және Тұздыбастау ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларда қабылдау жүргізіп, тұрғындарды тексеруден өткізді.
Ендігі кезекте дәрігерлер Гүлдала мен Панфилов ауылдарының дәрігерлік амбулаторияларына баруды жоспарлап отыр.
Бір апта ішінде медицина қызметкерлері 1000-ға жуық азаматқа кеңес беріп, бірқатар пациенттерді стационарлық емдеуге жіберді.

  • Медицина барлығына қол жетімді болуы керек. Біз пациенттерімізді бүкіл өңірден өз кабинетімізде қабылдауға әрқашан дайынбыз. Бірақ біз аурудың алдын алу мақсатында шалғайдағы елді мекендерге арнайы келіп отырмыз, — деп бөлісті эндокринолог дәрігер Сейтматова Ғалия Пірмағанбетқызы.
    » Дәрігерлер ауыл тұрғындарын тексеріп, кеңестерін беруге арнайы келгені үшін қуаныштымыз. Бізге қажетті дәрі-дәрмектерді тағайындап, тіпті емдеу үшін ауруханаға жіберді. Дәрігерлерге тұрғындар тарапынан ризашылығымызды білдіреміз», — деді науқастардың бірі Абдрахманова Вайшам.

ОТ ОТЦА К ДОЧЕРИ: ДИНАСТИЯ МАКАШЕВЫХ

В истории судебной системы Казахстана особое место занимают люди,...

«Алакөл алаулары – 2026» 

Ключевым событием открытия туристического сезона на побережье озера Алаколь...

Во благо здоровья 

Хороший подарок получил ко Дню судьи и работника суда...

Медиация в судебном порядке

Наше общество состоит из множества общественных взаимоотношений и, разумется,...

Спартакиада прошла успешно

В канун Дня судьи и работника суда, а также...