«Тәтті кәмпит» ішінен есірткіге ұқсас зат табылды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның №60 мекемесінде заттарды өткізу әрекеті кезінде жазасын өтеушіге кәмпит ішіне жасырылған есірткіге ұқсас затты өткізбекші болған азамат ұсталды.
Аталған дерек бойынша Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылып, тергеу барысында конфет ішіне жасырылған 5 дана өзіне тән иісі бар, жасыл түсті есірткіге ұқсас зат анықталды.
Осы факті бойынша сәлем-сауқат алып келген азамат ҚР Қылмыстық кодекісінің 297/1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп –тексеру жұмыстары жүргізілуде. Есірткі екені анықталса азамат қылмысық жауапкершілікке тартылатын болады.

№60 мекеме баспасөз қызметі

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...