Түзеу мекемесінен босатылған азамат орталыққа жатқызылды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінен жаз мерзімінің соңымен И. есімді сотталған азамат босатылды. Сотталған азамат туған туыстарымен туыстық байланысы үзілгенін, босатылғаннан кейін белгілі тұрағы жоқтығына байланысты, Қызылорда қалалық «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған» орталығына баруға өтініш білдірді.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Қылмыстық –атқару кодексінің 27-тарау 166-бабының 3-тармағына сәйкес, сотталған адам таңдаған тұрғылықты жері бойынша және әлеуметтік көмекке мұқтаж ретінде Қызылорда қалалық «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығына» орналасуына мекеме тарапынан ықпал жасалынды.

-Түзеу мекемесінде 8 жыл жазамды толық өтеп шықтым. Барар жерім жоқ. Мекеме әкімшілігі осы орталыққа орналастырды. Түзеу мекемесінде жазамды өтей жүріп, «Тігінші» мамандығын алғанмын. Ендігі арманым мамандығым бойынша жұмыс жасап, отбасылы болсам деймін»,-деді ол.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар арасында айтыс өтті

Қазақстан халқының дәстүрлері қоғамдық өмірдің маңызды бөлігі болып қала...