Мешітке келген тұрғынның велосипедін ұрлаған жігіт Алматыдан ұсталды

Мақтаарал полициясына жергілікті тұрғын «Asbike» маркалы велосипедінің ұрланғаны жөнінде арызданған. Жәбірленуші тұрғынның айтуынша, оның мешіт сыртына қойып кеткен велосипедін белгісіз біреу жымқырып кеткен. Оқиға орнына бірден учаскелік инспекторлар келіп, велосипед ұрлаған ұрыны іздеуге кірісті.

Тәртіп сақшылары аулаларды аралап, куәлардан жауап алып, мешіт пен көшеде орнатылған бейнебақылау камераларын тексерді. Полицейлер жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктіні Алматы қаласынан анықтады. Ол жергілікті тұрғын, бұрын сотты болған ер азамат болып шықты. Полицейлер жігіттен ұрланған велосипедті тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды. Яғни жәбірленуші азамат мешітке намаз оқуға велосипедін мініп келген. Содан соң велосипедті сыртқа қойып, өзі 10 минутқа ішке кіріп шыққан. Ал үйіне қайту үшін сыртқа шығып екі аяқты көлігін іздеп таба алмаған. Содан соң сақшылардан көмек сұраған.

Қазіргі уақытта күдікті ер адам қамауға алынып, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адамның айтуынша, ол үйіне жету үшін ұрлық жасаған. Түркістан облысы полицейлері мұндай ұрлық түрінен қорғанудың жалғыз кепілдендірілген әдісі — велосипедті қараусыз қалдырмау екенін ескертеді. Велосипедіңізді камерасы бар орынға қойыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

№20 мекемеде сотталғандар арасында жазғы спартакиада аясында армрестлинг пен гір көтеруден жарыстар өткізілді

№20 мекемеде сотталғандар арасында ұйымдастырылған жазғы спартакиада аясында армрестлинг...

Абай облысы бойынша ҚАЖ максималды қауіпсіздік мекемесінде гір көтеруден турнир өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай состоялся турнир по гиревому спорту

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай состоялся...

Сотрудники УИС по области Абай прошли обучение по жестовому языку

В Департаменте УИС по области Абай состоялся обучающий семинар...