spot_img
spot_img

Гүл алаңындағы әсемдік сотталғандардың мейірімін арттырады

ЗК-169/1 тергеу изоляторының шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандары біраз жылдан бері өздері жататын жатахана ауласын гүлзар баққа айналдырған.

Сотталғандардың бұл еңбегі Қылмыстық атқару жүйесі мекемелері аумағын абаттандыру мен көгалдандыру іс-шарасы негізінде жүзеге асып келеді.

Гүл өсіру оларға еңбек терапиясынан бөлек, психологиялық жайлылылық сыйлайды.

Сотталғандардың қолымен өсірілген қызылды- жасылды гүл алаңы мекеме аумағының сәні ғана емес, өткен-кеткен қамаудағылар қызметкерлерге жақсы- көңіл күй сыйлайды. Жадыраған жаз айында бұл алаңда гүлдің түр-түрі құлпырып өсіп тұрады. Жайнаған, жарқыраған әсемдікке қарап, балаларымды жиі еске аламын. Олар да, гүлдей баптаумен өседі ғой. Ертерек шығып, солардың тәрбиесіне көңіл бөлсем деген ой маза бермей жүр- дейді ҚР ҚК- 297баптың 1- бөлігімен сотталған азамат. Мекеменің АКАӘПТЖБ- нің қызметкері жасақ бастығы,әділет капитаны Ниязов Нұрсұлтанның айтуы бойынша, шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандарды қоғамға қайта тәрбиелеу мақсатында еңбектің маңызы зор. Таза ауадағы еңбек оларды физикалық тұрғыдан ғана емес, моральдік жағынан да шынықтырады. Шаруашылық бөліміндегілер арасынан көпшілігі дерлік гүл өсіруге құштар.

Өйткені, гүл алаңындағы әсемдік олардың мейірімділік сезімдерін оятып, бостандыққа шыққаннан кейінгі жақсы өмір сүруге деген құлшынысын арттырады.

Жолаушыны ұрып, телефонын тартып алған таксистке жаза тағайындалды

Қармақшы аудандық пробация есебінде тұрған азаматқа ҚР ҚК-нің 191-...

Солтүстік Қазақстан облысында сотталғандарға 500-ден астам кітап сыйға тартылды

Кітап-барлық халықтардың байлығын сақтайтын әлемдегі ең үлкен қазына. Бірақ...

В Северо-Казахстанской области осужденным подарили более 500 книг

Книга - это самая большая в мире сокровищница, хранящая...