spot_img
spot_img

Қайрымдылық жасау адамгершілік белгісі

Пробация қызметінің құрылғанына да көп уақыт бола қойған жоқ. Осы қызметтің қызметкерлері жұмысқа кіріскен кезден бастап халықтың ыстық ықыласы мен алғысына бөленіп келеді. Осындай алғысқа бөленген Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Түркістан қалалық пробация қызметкерлері. Түркістан қалалық жұмыспен қамту орталығы мен пробация қызметкерлері бірлесіп есепте тұрған жағдайы төмен алты отбасыға көмек ретінде азық-түлік таратты.

Түркістан қалалық пробация қызметі есебінде тұратын сотталғандар арасында әлеуметік көмек көрсету бағыты бойынша «тең теңімен» атты әлеуметтік көмек ретінде алты сотталған азаматқа азық түлік себетін таратылды.

Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған. Қайырымдылық – адамгершілік белгісі. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осыған орай Кентау қалалық пробация бөлімінің қызметкерлері мен жұмыспен қамту орталығының ұжымы пробация есебінде тұрған жағдайы төмен 6 отбасыға азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. Қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету ғана деп ұқпау керек. Сөзбен де, іспен де, басқа жолдармен де қайырымдылық жасау – борышымыз. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіндігің жетіп тұрса неге қол ұшын созбасқа?! Пробация қызметі есебінде тұрған жағдайы төмен отбасыларға қолымыздан келгенше көмек қолын созуға тырысамыз. Себебі, олар көмекке мұқтаж. Осылай көмек көрсету арқылы сотталғандарды қоғамға араласуға бейімдейміз. Осындай қайрымдылық шарасы осымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта да игі істер жасау жоспарда бар, – деді Түркістан қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Ақмарал Торланова.

Пробация қызметінің тарапынан көрсетілген қамқорлыққа пробация есебінде тұрған сотталғандар өздерінің алғысын білдірді. Қиналған кезінде қамқорлыққа бөлеген Аслан пробация қызметі мен Жұмыспен қамту орталығына ризашылығын білдірді.

Мен пробация қызметінің есебіне үстіміздегі жылы тіркелдім. Жұмыссыздық салдарынан қателікке барған жанның бірімін. Бұрын өзім ізденіп жұмыс істемедім. Қай жерге барсам да, жұмысқа орналасатын болсам да таныс керек деп үйде жатып тон пішетінмін. Өзімнің жолым болмағынан өзгелерді кінәлі дейтінмін. «Шайтан азғырды ма?» білмеймін, ақша табудың жеңіл жолы «ұрлық» деп санама түйіп алдым. Сөйтіп ұрлық жасадым. Қазақта «ұрлық түбі — қорлық» деп бекер айтпаған екен. Жеңіл жолмен ақша табамын деп, сотты боолдым. Әрине, өзімнің істеген ісіме өкінемін. Балаларым менен ұялады. Себебі, оларға сыныптастары «ұрлықшының баласы» деп саусақтарын шошайтып көрсетеді. Осы пробация есебіне тіркелгенен кейін, Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тұрдым. Үйде жатып тон пішпей, ізденген адамға жұмыс табылады екен. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» демекші, ерінбей жұмыс іздеп, еңбек етіп адал нан тәтті болады екен. Пробация қызметінің қызметкерлерінің көрсеткен көмектеріне алғыс айтамын. Менің түзелу жолына түсуіме үлкен септігін тигізді, — деді пробация есебінде тұрған Аслан.

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...

“Бақылаудан жалтыру”

Қайталанған әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында...

В Алматинской области во время переброса в колонию задержан мужчина

Сотрудники УИС Алматинской области предотвратили факт переброса запрещенных предметов...

Жасырын насыбай алып кірмек болған азамат ұсталды

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Осужденные посетили концертный зал QazaQ Classic

Службы пробацией района Байконыр ДУИС г. Астаны при поддержке...