spot_img
spot_img

«Подучетник» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

ҚР ІІМ — нің нұсқауына сәйкес БҚО бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты N2 Ақжайық аудандық пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалардың қайта қылмыс жасауының алдын-алу мақсатында 2023 жылдың 15-25 мамырдағы «Подучетник» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы басталды.

Профилактикалық шара аясында N2 Ақжайық аудандық пробация қызметімен Тайпақ полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша бірлескен тексерістер жүргізілуде.

Өткізілген іс-шаралар барысында аталған тұлғалар арасында жазасын бас тарту немесе басқа да бұзушылықтар анықталған жағдайда пробация қызметі сот органдарына сотталған тұлғаларға қатысты жазасын өтеудегі сынақ мерзімін ұзарту немесе қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазасын бас бостандығын айыру жазасына ауыстыру жайлы ұсыныстар енгізеді.

Ақжайық аудандық сотына шартты түрде сотталған «Н» азаматқа қатысты шартты соттаудың күшін жою туралы ұсыныс жолданды. Есепте тұрған екі сотталған соттың жүктеген міндетін бұзғаны анықталады. Ал бір сотталғанға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып айыппұл салынды.

Осы өткізіліп жатқан іс-шараның басты мақсаты қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталған тұлғалар тарапынан құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау және олардың алдын алу және сотталғандарды оң жолға бағыттау.

N2 Ақжайық аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Ә.Ә.Кеңес

Бас бостандығын шектеу жазасы

Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған А есімді азамат...

Сотрудники УИС отметили день Детей

1 июня ко Дню защиты детей, администрация учреждения №49...

ҚАЖ қызметкерлері балалар қорғау күнін атап өтті

1 маусым Балаларды қорғау күніне орай, Алматы және Жетісу...

Жекеқұрамға патриоттық тәрбие берілді

Еңсесі биік, Тәуелсіз ел жастарының патриоттық сезімдері жоғары болуы...

Открытый показательный судебный процесс проведен в г.Алматы

По  совместной инициативе Медеуского районного суда №2 г.Алматы  и...