Түркістандық полицейлер 40 рет жол ережесін бұзып, айыппұлын төлемей жүрген жүргізушіні анықтады

Түркістан облысы аумағында 19-30 желтоқсан аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мұндағы негізгі мақсат — автокөліктерге тексеріс жүргізіп, әкімшілік айыппұлдан жалтарып жүрген жүргізушілерді анықтау. Сондай-ақ бұл шараға жеке сот орындаушылары да жұмылдырылуда.
Осы бағытта жұмыс жүргізіп жатқан Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 7 тәулікте 3 миллион теңгенің айыппұлын өндірді. Яғни тексеріс кезінде жол ережесін бұзғаны үшін өздеріне тағайындалған айыппұлды белгіленген мерзімде төлемегендер анықталды. Сондықтан бұл азаматтардың автокөліктері айыптұраққа қойылды. Мәселен тәртіп сақшылары аудан көшелерінің бірінен «LADA PRIORA» маркалы автокөлікті тоқтатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында, оның 40 рет жол ережесін бұзып, 700 000 теңгеден астам төленбеген айыппұлы бары анықталды. Бірден көлік айыптұраққа қойылып, берешегі толығымен өнідірілді. Өз кезегінде полиция қызметкерлері аудан тұрғындарына әкімшілік айыппұлды уақытында төлеу керектігін ескертеді. Алдағы уақытта айыппұлдарды өндіру жұмыстарын жандандыру және жеке сот орындаушылармен бірлесіп, мәжбүрлі түрде өндіру шаралары жүйелі атқарыла бермек.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«Боқаевтың жиенімен жасалған екінші келісімшарт туралы білмедім» – куәгер Артықбаева

Бүгін Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында...

Новые веянья в работе судебных экспертов

          С укреплением суверенитета нашего государства Республики Казахстан все...

«ӘЛҚИССА» ДОМБЫРА СТУДИЯСЫ ТҮРКИЯДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық жас домбырашылар халықаралық байқауда үздік атанып, қазақтың ұлттық...