Түркістанда мүгедектер жылына 100 млн жөргек шығарады

Аймақ басшысы Дархан Сатыбалды Сайрам ауданындағы «Топтағы мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жөргек пен майлық шығаратын кәсіпорнының өнімдері мен жұмысымен танысты. Өнеркәсіп жылына 100 миллион немесе тәулігіне 85-90 мың жөргек шығаруға қауқарлы. Онда 60 адам жұмыс істейді.

Тағы айта кетерлігі, өңір экономикасына үлес қосып отырған шағын кәсіпкерлікті қолдауға басымдық берілуде.

Дархан Сатыбалды «Манкент медициналық орталығы» емханасы мен «BELLA TRADE» жиһаз фабрикасында болды. 100 орындық медициналық мекемеде 38 адам, жиһаз фабрикасында 120-ға жуық адам еңбек етеді.

Сайрам ауданында агросфера мен мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Мәселен, «НҰР АГРО» шаруа қожалығында 35 адам жұмыс істейді. Олар 3,6 гектарға қияр мен қызанақ еккен. Кәсіпкер өз қаражатын жобаны жүзеге асыруға жұмсап, Аграрлық несие корпорациясынан қолдау несиесін алған.

Сайрам ауданындағы «Қайып ата» ЖШС 2016 жылдың тамыз айында құрылған. Серіктестік ет шаруашылығымен айналысады. 40 адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпорын Қазақстанның басқа аймақтарына ғана ет жеткізіп қоймай, оны шетелге де экспорттайды.

Кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысқан әкім өндірістік кәсіпорындарды құру жұмыстары жандана түсетінін атап өтті. Инвестиция тарту және индустриялық аймақтарды дамыту бойынша жауапты бөлімдер мен аудан басшылығына нақты тапсырмалар берілді.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...