Түркістан облысында Фармацевтикалық бақылау департаментінің өкілі пара алды деген күдікпен ұсталды

Түркістан облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің өкілі пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің лауазымды тұлғасына қатысты делдалдар арқылы жүйелі негізде медициналық қызметке лицензия бергені үшін жеке медициналық орталықтардың өкілдерінен 800 мың теңге сомасында пара алу фактісі бойынша соталды тергеуді бастады», — делінген хабарламада.

Күдіктілер ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталған. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды.

ПОЛИЦИЯ ҮЙІНІҢ АЛДЫНА 500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАРАМСЫЗ ДӨҢГЕЛЕК ЖИНАП, ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН ТҰРҒЫНДЫ АНЫҚТАДЫ

Түркістан облысының полицейлері өңірдегі тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

Тілді құрметтеу – ұлтты, елді құрметтеу. Қазақ тілі –...

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...