Түркіменстандағы президент сайлауында тұрғындардың 97 пайызы дауыс берді

Түркіменстанда кезектен тыс президент сайлауы аяқталды. Оған сайлаушылардың 97 пайызы қатысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дауыс беру нәтижесі жеті күннің ішінде жарияланады.

Орталық сайлау комиссиясының деректеріне сай, елде 3,43 миллион адам дауыс беру құқығына ие, 2 577 сайлау учаскелері ұйымдастырылған.

Сайлау барысын 2 726 ұлттық бақылаушы, сонымен қатар ТМД елдерінен бақылаушылар миссиясы қадағалап отырады. Президенттікке үміткер ретінде 9 адам тіркелді. Олардың арасында Түрікменстанның қазіргі президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтің ұлы да бар.

Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 19:00-де аяқталды.

Еске салсақ, бұған дейін Түрікменстан көшбасшысы Гурбангулы Бердымұхамедов билікті жастарға беру туралы айтты.

Семья, школа и общество

ВО ВСЕХ ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА ДО КОНЦА СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА...

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...

Афера с призами

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ СОВРЕМЕННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ И СОЦСЕТЕЙ ЧРЕВАТО ПРОБЛЕМАМИ. ОБ ЭТОМ...

Новый AI-центр

В НОВОМ ЦИФРОВОМ ЦЕНТРЕ, КОТОРЫЙ НАЧАЛ РАБОТУ В ШЫМКЕНТЕ,...

В погоне за легким заработком

АГЕНТСТВО ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СООБЩИЛО О ПРЕСЕЧЕНИИ...