Түркіменстанда кезектен тыс президенттік сайлау өтіп жатыр

Түркіменстан президенті тағынан тоғыз кандидат үміткер. Алғашқы тіркелген кандидат — қазіргі президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың ұлы, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 наурызда Түркіменстанда кезектен тыс президенттік сайлау басталды, 2 577 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды РИА Новости .

Түркіменстанның шет елдердегі дипломатиялық және консулдық мекемелерінің жанынан ашылған 41 сайлау учаскесінде де дауыс беріліп жатыр.

Президент лауазымынан тоғыз кандидат үміткер. Түркіменстанның заңнамасында сайлаушылардың қатысу шегі белгіленбеген, сондықтан сайлау кез-келген жағдайда да өтті деп танылады.

Алғашқы тіркелген кандидат — қазіргі президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың ұлы.

Сердар Бердімұхамедов Түркіменстан Демократиялық партиясы атынан сайлауға түсіп жатыр. 2021 жылдың 11 ақпанынан бастап 40 жастағы Сердар вице премьер-министр қызметін атқарып келеді.

Семья, школа и общество

ВО ВСЕХ ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА ДО КОНЦА СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА...

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...

Афера с призами

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ СОВРЕМЕННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ И СОЦСЕТЕЙ ЧРЕВАТО ПРОБЛЕМАМИ. ОБ ЭТОМ...

Новый AI-центр

В НОВОМ ЦИФРОВОМ ЦЕНТРЕ, КОТОРЫЙ НАЧАЛ РАБОТУ В ШЫМКЕНТЕ,...

В погоне за легким заработком

АГЕНТСТВО ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СООБЩИЛО О ПРЕСЕЧЕНИИ...