Тұрғындар сайлаған Талғар қаласының әкімі қызметінен кетті

Алматы облысында тұрғындар сайлаған Талғар қаласының әкімі Қайрат Исабаев қызметінен кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шенеуніктің қызметінен кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Талғар ауданы әкімдігі деректерді растау немесе жоққа шығару үшін жергілікті сайлау комиссиясына хабарласуды сұрады.

«Аудан әкімдігінің бұл жағдайға қатысты пікір білдіруге құқығы жоқ, өйткені Қайрат Исабаев халық дауысы арқылы сайланған. Сондықтан Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясына өтініш жолдауыңызды сұраймыз», — деді әкімдіктегілер.

Бұл ретте сайлау комиссиясының төрағасы Мұхит Дүйсебаев бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Кеше, 5 сәуірде Қайрат Исабаев өз өтініші бойынша қызметінен кету туралы арыз жазды. Ол денсаулық жағдайына сілтеме жасап отыр. Оның өкілетін тоқтату туралы шешім бүгін, 6 сәуірде шығады», — деді Дюсебаев Talgarnewskz тілшісіне.

Еске салайық, былтыр қарашада өткен қала әкімін сайлауда Қайрат Исабаев жеңіске жеткен болатын. Ол кезде сайлаушылардың 58 пайызы дауыс берді, Исабаев 53,5 пайыз дауысқа ие болды. Әкім лауазымына барлығы үш адам үміткер болды. 

ПОЛИЦИЯ ҮЙІНІҢ АЛДЫНА 500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАРАМСЫЗ ДӨҢГЕЛЕК ЖИНАП, ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН ТҰРҒЫНДЫ АНЫҚТАДЫ

Түркістан облысының полицейлері өңірдегі тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

Тілді құрметтеу – ұлтты, елді құрметтеу. Қазақ тілі –...

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...