Түзеу мекемесінде Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 79 мекемесінде Ұлттық Домбыра күніне арналған ерекше мәдени іс-шара өтті. Мерекенің басты мақсаты — қазақ халқының рухани қазынасы, ұлттық аспабымыз — домбыраны дәріптеу, сондай-ақ сотталған азаматшаларға рухани тәрбие беру арқылы оң әлеуметтік орта қалыптастыру.
Шараға 35 сотталған азаматша қатысып, олар қазақтың күй өнерінен үзінділер орындап, дәстүрлі әндер шырқап, өз өнерлерін көрсетті. Домбыраның қоңыр үнімен өрілген бұл іс-шара қатысушылардың жан дүниесіне терең әсер етті. Күй шертудің қыр-сырын меңгерген әйелдер көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, қазақ мәдениетінің мол мұрасын тағы бір мәрте ұлықтады.


Іс-шара соңында белсенді қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Мекеме бастығының орынбасары Марта Утепованың айтуынша, мұндай шаралар сотталған азаматшалардың мәдени дүниетанымын кеңейтіп, оңалтудың тиімді құралы ретінде маңызды рөл атқарады.
Ұлттық Домбыра күні — тек мәдениет мерекесі емес, бұл — ұлттық бірегейлікті, рухани байланысты тереңдететін айтулы күн. Осыған орай 79 мекемесінде ұйымдастырылған домбыра мерекесі сотталғандар үшін ерекше рухани серпіліс болды.

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар арасында айтыс өтті

Қазақстан халқының дәстүрлері қоғамдық өмірдің маңызды бөлігі болып қала...