Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қайсын болмасын да қатты алаңдататыны айқын.
«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік беріп, құқыққа қарсы іс — әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор.
Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік ұйымдардың және мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйым басшыларына жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасау жауаптылығы белгіленеді. Ендігі жерде өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтар туралы әрбір басшы тиісті органдарға,лауазымды адамдарға дер кезінде хабарлауға міндетті. Егерде, ол осы міндетін орындамаса, заңда белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тартылады. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу қызметі көтермеленеді, мұндай жағдайда оларға ынталандыру шаралары қолданылады. Бұл дегеніміз, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіл халықты жұмылдырудың нақты көрінісі болып отыр. Бұл бастама алғаш енгізілгенде қарапайым халықтың бірден қабылдай қоймағаны рас. Себебі, халық бұған дейін сыбайлас жемқорлық секілді тамырын тереңге тартқан кеселді жеңуде септігін тигізе алады дегенге сене қоймайтын. Ынталандыру тетігі кез-келген азаматтың өзіне деген сенімін нығайтты. Көп болып күрескенде, жұдырықтай жұмылғанда кемшілікті түзеуге, кеселді жеңуге болатынын ұғындырды.
Жаңадан қолданысқа енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңда сыбайлас жемқорлықтың жаңа көріністері енгізіліп отыр. Яғни, құжат арқылы мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру, сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметін үйлестіру жөніндегі өкілеттіктер берілген уәкілетті орган айқындалған. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен талдау шаралары қамтылады.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жетекші маманы Зиядин Ермахан Әбжапарұлы