Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің тұрақты дамуына кері әсер ететін және қоғамдағы әділдік пен заң үстемдігі қағидаттарына нұқсан келтіретін өзекті мәселелердің бірі.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мен оның аумақтық департаменттері  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, қоғамда адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын орнықтыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізіп келеді.

Бұл шаралардың негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру, сондай-ақ, мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін күшейту.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында бірқатар маңызды бағыттар жүзеге асырылуда. Солардың ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жасау ерекше орын алады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау белгілі бір мемлекеттік органның немесе нақты бір саланың қызметінде заңбұзушылықтарға жағдай туғызуы ықтимал факторлар мен әлсіз тұстарды анықтауға мүмкіндік береді. Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға және тәуекелдерді азайтуға бағытталған нақты ұсынымдар әзірленеді.

Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қабылданып жатқан алдын алу шараларының нәтижелілігін бағалауға бағытталған. Оның барысында заңнама талаптарының орындалу деңгейі, мемлекеттік органдардың атқарып жатқан жұмыстары, сондай-ақ,  қоғамның сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасы мен оны қабылдау деңгейі зерделенеді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда халық арасында ақпараттық-түсіндіру және ағартушылық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізудің маңызы зор.

 Осы мақсатта қоғам белсенділерінен құралған ақпараттық-түсіндіру топтарының қатысуымен мемлекеттік қызметшілерге, жастарға және квазимемлекеттік сектор өкілдеріне арналған семинарлар, кездесулер, дәрістер мен түрлі акциялар ұйымдастырылып келеді. Ағымдағы жылдың  тоғыз айында мұндай топтардың қатысуымен  170-тен астам іс-шара өткізілді.

Мұндай кездесулердің басты мақсаты – қоғамда адалдық құндылықтарын дәріптеу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауына назар аудару және азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптарын түсіндіру.

Сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру бағытында да маңызды шаралар қолға алынуда. Президенттің мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жөніндегі Жарлығы аясында басқару шешімдерін қабылдау тетіктерін оңтайландыру, қажетсіз құжат айналымын азайту және цифрлық технологияларды кеңінен пайдалану жұмыстары жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тек жекелеген мекемелердің міндеті емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі.

 Қоғамда адалдық, заңға құрмет және әділдік құндылықтары берік орныққан жағдайда ғана сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға болады.

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаменті

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТАЛАПТАР

2026 жылғы 1 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі...

Медиация – тараптарды татуластырудың қуатты құралы

Дауласқан екі тараптың дәйегін сабырлықпен тыңдап, екі жақтың да...

Неке бұзылған кездегі отбасындағы кәмелетке толмаған балалардың жағдайы

          Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған...

Семья, школа и общество

ВО ВСЕХ ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА ДО КОНЦА СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА...

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...