“Свет маяка надежды” әлеуметтік жобалар ассоциациясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №79 мекемесінде сотталған азаматшаларды қоғамға бейімдеу мақсатында “Свет маяка надежды” әлеуметтік жобалар ассоциациясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Аталған меморандум аясында мекеме базасында маникюр, шаштараз (парикмахер) және визажист мамандықтары бойынша 3 күндік оқу курсы ұйымдастырылды. Курстың негізгі мақсаты – сотталған азаматшалардың кәсіби дағдыларын қалыптастырып, бостандыққа шыққаннан кейін еңбек нарығында өз орнын табуға мүмкіндік беру.

Оқыту барысында қатысушылар сұлулық индустриясының негізгі бағыттарымен танысып, тәжірибелік сабақтар арқылы өз білімдерін жетілдірді. Курсты сәтті аяқтаған қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...